Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті

/uploads/thumbnail/20251209130132157_big.webp

28 қараша күні Ақтау әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары қатысты.

Сессия барысында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы және Ақтау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу мәселелері қаралды.

Іс-шарада Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында ұсынылып отырған өзгерістер мен салық мөлшерлемесін төмендету арқылы кәсіпкерлерге түсетін жүктемені азайту туралы баяндады.

Сонымен қатар жиында жұмыссыздық мәселесі, теңіз жағалауы аумақтарын игеру арқылы туризмді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялық ахуалды жақсарту және су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын нақтылау қажеттігі айтылды.

Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар