«Жас тұлпар – 2025»: Маңғыстаудың үздік жастары марапатталды

/uploads/thumbnail/20251217175153509_big.webp

Бүгін, 17 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Жас тұлпар – 2025» облыстық жастар премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов қатысып, жеңімпаздарды өңір басшысының атынан құттықтады.

Облыстық премия аясында білім мен ғылым, медицина, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық қызмет салаларында жетістікке жеткен жастар 12 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік жас ғалым», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас дәрігер», «Жас көшбасшы», «Бейбіт күннің батыры», «Жыл жаңалығы» сынды номинациялар бойынша үздіктер анықталды.

Іс-шараға өңірдің белсенді жастары, волонтерлер, спортшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан-қала жастары қатысып, жалпы саны 300-ге жуық адамды қамтыды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол Ізбергенов өңірде мемлекеттік жастар саясаты жүйелі түрде іске асырылып жатқанын жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдаудың, олардың отаншыл, білімді, еңбекқор және әділ болып қалыптасуының маңызын үнемі атап өтеді. Маңғыстауда облыс халқының 30 пайыздан астамы жастар. Жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттен қаржы бөлініп, баспана, гранттар мен волонтерлік бастамалар іске асырылуда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. «Жас тұлпар» сыйлығы – ел дамуына үлес қосып жүрген жастарды ұлықтайтын маңызды марапат. Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге алғысымды білдіремін! Әрбір бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! – деді ол.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар