Ақтау әкімдігінде көпбалалы аналар құрметке бөленді

/uploads/thumbnail/20251209130737731_big.webp

Бүгін 8 желтоқсан күні Ақтау әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстап, олардың қоғамдағы ерекше орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегіне жоғары баға берді.

- Сіздердің еңбектеріңіз дүниеге әкелген бала саны арқылы емес, сол перзенттердің ертең қоғамға қосатын үлесімен, мемлекетіміздің болашағына атқаратын қызметімен бағаланады. Сондықтан сіздер тәрбиелеп отырған әрбір бала – елдің ертеңі, біздің болашағымыз. Қазақта «Ана – өмірдің бастауы, тәрбиенің мектебі» дейді. Сол себепті сіздердің еңбектеріңіз зор, біз оны үлкен құрметпен бағалаймыз. Дүниеге әкеліп, көз қуанышына айналған сәбилеріңіз аман болсын, ғұмыр жастары ұзақ болсын, – деді қала әкімінің орынбасары.

Марапаттау рәсімі аясында 7 ана «Алтын алқа», ал, 33 ана «Күміс алқа» атағын иемденді. Өз кезегінде мерейі артқан аналар атынан алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері Гүлжазира Сабытаева мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар