Ақтауда 327 ауыл шаруашылық техникасы электрондық форматта техникалық байқаудан өтті

/uploads/thumbnail/20251209132652820_big.webp

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 11 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Соның бірі – ауыл шаруашылығы және арнайы мақсаттағы техникаларды, сондай-ақ олардың тіркемелерін жыл сайынғы міндетті техникалық байқаудан өткізу қызметі.

Аталған қызмет «Е-лицензия» мемлекеттік деректер қоры арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге және қызмет алудың қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

1. Е-лицензия ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтініш беру;
2. Көлік құралының техникалық құжатының (техпаспорт) көшірмесін тіркеу.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 327 техниканы электрондық форматта техникалық байқаудан өткізді. Оның ішінде:
- 162 жеке тұлғаға,
- 165 заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- Мемлекеттік техникалық байқау процесі «е-лицензия» арқылы жүзеге асырылады, өтініш беруші қажетті құжаттарды тіркеп, онлайн түрде қызмет ала алады. Сонымен қатар, барлық процестер заңға сәйкес ашық және жүйелі түрде жүргізіледі, — деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімнің бас маманы Зухра Бермағанбетова.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар