Зеленский: Жер бермейміз. Украина жаңа бейбіт жоспар әзірледі

/uploads/thumbnail/20251209153232608_big.webp

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздерде Ресейге территория беру туралы ұсыныстарды қабылдамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, украин жерін беру – заңға да, моральға да қайшы.

Еуропадағы келіссөздерде жүрген Зеленский АҚШ әзірлеген 28 тармақтық бейбіт жоспардың қысқартылған нұсқасы да Киевке қолайсыз екенін айтты. Ең даулы мәселелер – Донбасс пен Запорожье АЭС мәселесі.

Бұл уақытта Украинада шабуылдар жалғасуда:
Сумы қаласы түнде дрон соққысынан жарықсыз қалды.
Тернопольдегі зымыран соққысынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті.

АҚШ пен Ресей арасындағы жасырын келіссөздерден кейін Вашингтон Киевке қайта ұсыныс дайындап жатыр. Дональд Трамп Ресей жобамен «жақсы» екенін айтып, басты кедергі ретінде Зеленскийді атады.

Еуропа лидерлері Лондонда жедел саммит өткізіп, Украинаға қысым жасалмауы тиіс екенін және «әділ әрі тұрақты бейбіт келісім» тек берік қауіпсіздік кепілдіктерімен мүмкін болатынын мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар