Дамыған елдер балаларға әлеуметтік желіні шектеуді қалай іске асырып жатыр?

/uploads/thumbnail/20251210160212725_big.webp

Австралия әлемде алғаш болып 16 жасқа толмағандарға TikTok, Instagram, Snapchat, YouTube, Facebook, X және басқа да ірі желілерді қолдануға толық тыйым салды. Жаңа аккаунт ашуға да, бұрынғыларын пайдалануға да болмайды — компаниялар жасөспірімдердің парақшаларын жаппақ. Ал, Дания, Норвегия, Франция да осындай шектеулерді қарастырып жатыр. Испанияда 16 жасқа дейін ата-ананың арнайы рұқсатын талап ету ұсынылса, Ұлыбритания желілерге қатаң айыппұлдар енгізді.

Неге тыйым енгізілді?


2025 жылғы зерттеулерге сүйенсек, 10–15 жастағы балалардың 96%-ы әлеуметтік желі қолданады, олардың 70%-ы зиянды контент көрген. Әр жеті баланың бірі — онлайн танысу немесе ересектер тарапынан күмәнді әрекеттерге тап болған. Кибербуллинг те — басты проблема.

Қалай бақыланады?


Ата-аналар мен балалар жазаланбайды. Есесіне платформа иелері «қатаң қадамдарға» баруы тиіс. Жас ерекшелігін растау үшін ID, бет-бейне тану, дауыс талдауы немесе мінез-құлыққа қарап «жасты болжау» технологиялары қолданылады. Қателік кетсе, жасырақ балаларды анықтау қиын, ересектерді қате бұғаттау қаупі бар.

Қандай платформалар кірді?


Facebook, Instagram, TikTok, Snapchat, X, YouTube, Reddit, Threads, сондай-ақ Kick және Twitch.
Ал WhatsApp, YouTube Kids және Google Classroom — тізімде жоқ.

Сын-пікірлер қандай?


Сарапшылар тыйымды айналып өту оңай дейді: VPN, жалған аккаунттар, ата-анамен бірігіп ашылған профильдер. Кейбіреулер бұл шара балаларды интернеттің «қараңғы аймақтарына» итеруі мүмкін деп алаңдайды. Сондай-ақ жеке мәліметтердің жаппай жинақталуы қауіп тудырады.

 

Қатысты Мақалалар