АЙБЕК ҚАЛИЕВ «ЕЛ АРАСЫНА ІРІТКІ САЛСА «АЛТЫН ДОМБЫРА» АЙТЫСЫ ЕНДІ ӨТПЕГЕНІ ЖӨН» ДЕДІ

/uploads/thumbnail/20170709184707892_small.jpg

«Алтын домбыра» айтысының төңірегінде таусылмай жатқан дауға қатысты ақын Қалиев Айбек те өз пікірін білдірді.

 «Екі-үш күннен бері «Алтын домбыра» төңірегіндегі дау толастар емес. Екі жақты да түсінуге болады. Мен де екі оттың арасында екіұдай сезімде қалдым. Мұxтаржанның домбыраны алғанына қаншалықты қуансам, Ақбөкенімнің алмағанына соншалықты қынжылдым. Әлеуметтік желіде Мұxтардың атына қаншама әңгімелер айтылып жатыр, жол шынымен де Болатбектікі еді, бірақ Мұxтарда кінә жоқ қой. Мұxтарға жақсылық жасаймын деген кейбір қазылар, керісінше көрермен жұртты оған қарсы қойып қиянат жасап қойған сияқты. Мұxтар да, Болатбек те менің ең жақын араласатын, туғанымдай болып кеткен бауырларым. Екеуі де пендешіліктен жоғары тұрған азаматтар. Ақын деген бір ауыз жылы сөзге марқайып қалатын, бір ауыз суық сөзге жүрегі ауыратын жандар ғой. Сондықтан да екі дүлдүліміздің арасына кірбің түсіріп, жандарын жаралап алмайықшы, ағайын! Қазіргі айтыста шаппа-шап айтыста, суырып-салмалықта Мұxтардың алдына түсетін, жырының көркемдігі жағынан Ақбөкеннен озатын ақын жоқ. Екеуі де басы мен болып айтыс ақындары тарапынан мойындалып қойған. Елді бірлікке шақыратын «Алтын домбыра» айтысы осылайша ел арасына іріткі салатын болса, енді өткізбей-ақ қою керек шығар», - деп жазған ақын желідегі парақшасында.

Айта кетер болсақ, желтоқсанның 3-4-і күндері Алматыдағы Республика сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жасампаздықтың 25 жылы» атты айтыс өтті. Айтыстың бас жүлдесі «Алтын домбыраны» Мұхтар Ниязов екінші рет алды.  Ол тіпті келешекте «Алтын домбыраны» тағы да иеленгісі келетінін айтқан.

Еске салсақ, өткен айтыстың жүлде берер сәтінде халық бас жүлденің берілуіне наразы болып, «Болатбек» деп айғайлап тұрып алған еді. Халықты Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі «сабырға шақырған» болатын. Соған қарамастан қоғамда айтыстың әділдігі туралы алуан пікір туындап жатыр.

Қатысты Мақалалар