Трамп жаңа Президенттік ұшақтан бас тартты

/uploads/thumbnail/20170709184715935_small.jpg

АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп «нөмері бірінші борттың» құрылысына көп шығын кететіндіктен, Boeing компаниясымен келісімшартты бұзуға үгіттеді. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлады. 

«Boeing келесі президенттерге 747 Air Force One ұшағы құрастырылу үстінде, бірақ оған кеткен шығын көлемі төрт миллиард долларды құрайды», – деп жазды Трамп өзінің «Твиттерінде».

Boeing компаниясы Boeing лайнерінің негізінде 2016 жылдың қаңтарында алдағы уақыттағы Президенттерге арналған ұшаққа келісімшарт жасасқан болатын.

Әзірше тапсырыс ең алғашқы сатысында тұр. Президенттік жаңа ұшақтар 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта жаңа ұшақтың өңделуіне 170 млн доллар аударылған.

АҚШ-тың өтпелі әкімшілік өкілдері журналистерге берген сұхбатында: «Трамптың Boeing корпорациясымен келісімшартты бұзуы салыққа төленетін ақшаны үнемдеумен байланысты»  деп отыр.

АҚШ-тың қаржы бақылау басқармасы: «Ұшақ өндісіне кеткен жалпы сомма 3,2 млрд долларды құрайды, бірақ ұшақтар жобалаудың тек алды сатысында тұрғандықтан, бұл сомма әлі де өсуі мүмкін», – дейді.

«Президенттік ұшақ – АҚШ-тың ең көрнекті символдарының бірі. Boeing 747-8 – еліміздегі барлық талаптарға сай келетін, елбасшының жұмысын қамтамасыз ететін, елімізде өндірілетін бірден-бір корпорация», – деді АҚШ-тың ӘӘК министрі Дебора Ли Джеймс.

Қазір қолданылып жүрген президенттік ұшақты 1985 жылы АҚШ-тың Президенті Рональд Рейган тапсырыс берген болатын. Ең алғашқы ұшақ тек 1990 жылы Джордж Буштың кезінде пайдалануға берілді.

Қатысты Мақалалар