Қабылдау эстетикасы және бөтен ырғақ

/uploads/thumbnail/20170709184715385_small.jpg
 

Немесе Көкбөрі Мүбарактің бір өлеңінен туындағы ойлар


мақала авторы: Қуаныш Дәлей


 

Туған жердің басқа тұрғындары


Ала теңбіл маралдар құшқан төбелер, 

Самырсынмен бітіп самбырлап тұрған жебелер,

Туған жердің ыстығын сұрап білерме,

Індерге сүңги алатын болса жел егер . 

 

Аяулы жердің көзінде құпия бір мұң бар,

Желеміктерім солай қарай терең жылжыңдар, 

Бауырына басып жатқанын ойлап сыйладым,

Індердегі анау жүрегі жұмсақ тұрғындар. 

 

Сұңқар түсінер туған жерімнің аспанын,

Қанатына көміп көбелектер билер жас талын,

Жалама тастар – Тусам да сенде, 

Мен емес-

Туған жерімнің арқар сипайды тастарын. 

 

Өзен ақсада , туладым ба онда мен деген ,

Шулатып түбін,  құйрығы қаққан елбелең-

Шортандарыма таңсық қой біздің дүние ,

Қарагерімнің тұяғынан өзге ол көрмеген. 

 

Қорқытпаңдаршы адамдар оған от үйіп:

Анау сайды айтшы мен жалғыз өскен сопиып— 

Көзім шалды ғой қонжықтар асыр-салып жүр,

Атам отырған белде аю отыр шоқиып. 

 

Туған жеріме зұлмат күн кейде жетеді, 

Күн-түні зарлап жыландар да ауып кетеді. 

Үңілдім сонда аспанға салып суретін, 

Қаралтқым болып тырналар ғана өтеді . . . 

 

Бәріне елжіреп,  бәрін де жұрт боп сыйладық,

Доңбекшіді неге ал ол жер бүгін қиналып,

Күзетіп жүріпті жетім қалған сол жерімді, 

Бөрілер ғана жиналып. . . 

 

Адамның санасы қызық!  сосын күрделі. . . 

Әр ойлы адамның ішкі жан дүниесі үнемі күрес,  үнемі арпалыс үстінде ғұмыр кешеді. Бұл қозғалыстардың көбі көмескі күйде жүргізіледі. Сол ішкі сана өзіңе де белгісіз бір құпия бұрышта сыртқы әлемнен қабылдаған білім,  тәжірибе жан әлемнің ішкі қуатымен тұтасқан шақта жаңа бір ойларға жүкті бола бастайды. Қайта- қайта іріктеу,  сараптаулар жүргізіліп,  тіпті бір мезет тоқтап та қалып,  сырттан енген тағы бір жаңа ілімдердің түртіп отуымен қайта оянып,  басқа арналардан тағы бір жіп үшін тауып,  осылай үздіксіз ізденген жасырын сана ең соңында қортынды жасайды,  Яғыни,  жаңа дүниелер туылады. Жасампаздық барлыыққа келеді. 

Бұндай жасампаздық барыс талант пен Еңбектің әр адамдағы мөлшерінің күшті- әлсіздігіне сай,  жинақталып өмірге келуі де әр түрлі болады. Көп адамдардағы жасампаздық көбінде бұрынғы қабылдаған білімдерінің көшірмесі сияқты сол білімдердің рухын бойына сіңіріп алғандықтан,  жаңа дүние жаратылған сияқтанғанымен соның еліктеме нұсқасы болып шығады. Біздің әзірге жазып жүрген ақындарымыздың көбінің өлеңдері абайдың,  Мағжанның,  қасымның,  Мұқағалидың,  жүмекеннің,  мұхтар Шаханның,  Тыныштықбектің,  Есенғалидың өлеңдеріне ұқсап,  солар салған шеңберден шыға алмай жұруы дәл осының мысалы. 

Аз санды адамдардың таланты айырықшақуатты,  соған сәйкес Еңбектенуі де сұмдық ауыр болады. Бұлар сырттан үлкен күшпен білім қабылдайды,  бұл білімдер барынша жан- жақтылы,  терең,  бесаспап болады. Бұндай білімдерді қабылдау үшін де сананың тума қаблеті орасан зор сыйымдылыққа ие болу керек,  жай санамен жай ғана білімді қабылдай аласың,  тереңге бара алмайсың,  биікке шыға алмайсың. Енді оны қорту,  өзінікіне айналдыру үшін де ішкі сана үлкен Еңбектер жасайды. Ұзақ уақыттар ойлану,  іздену арқылы бұрын- соңды болмаған жаңа білімдер,  идеялар қортып шығарады. 

Кейде осындай жаңа дүниелерді барлыққа келтіре отырып,  соған адамның өзі сене алмай қалады. Өз санасы тудырған сұрапыл құбылыстарды менсінбей қалатын шақтар үнемі кездеседі. Мүмікін,  тудырған идея дәл сол уақыттағы санаңан төмен тұр немесе бұл идеяны тудырған сана күрделі Еңбектен соң,  есеңгіреп сол идеяңнан құлдырап,  бұрынғы шабытсыз шақтағы мешел халыне түсіп қалды. Немесе сен бұрын- соңды мұндай дүниелерді сырттан қабылдаған да жоқсың,  өзің де ешуәқыттә идеяңнан бұндай Еңбекті жарыққа шығарған емессің. Бейтаныс,  жат ұғымдар. Осыдан барып өзі өмірге алып келген жаңа дүниеден жеріп,  оны жақтырмай қалу келіп шығады. Болмаса өзі тудырған биік Еңбектің алдында кішіріп,  мешел халге түседі. Сосын оны көп адам керек еткісі келмей бір бұрышқа сырып қоя салады. Бырақ,  бір мезгіл өткеннен кейін байқаусызда әлгі нәрсе қолыңа түседі немесе санаң бір кезде сол туралы оқыс ойланып іздеу салады,  сосын былай сырып қойған дүниеңді тауып алып көріп шығасың- бірден ұнайды,  бұрынғы дүниелеріңнен басқаша,  өзгеше екенін байқайсың. Немесе жылдар бойы көздеген нысанаңның осы Еңбектің ішінде жатқанын танисың. Бұндай жағдайлар ақын- жазушыларда көп ұшырайды. Кейбіреулер көңліге ұнамаған дүниелерін майданда жыртып тастап,  артынан өкініп жатады. Кеңес- әр уақыт өзіңіз жазған немесе ойланып тапқан идеяларыңызды лақтырып тастамаңыз немесе жыртып,  өшіріп жоғалытпаңыз,  күндердің күнінде сіздің өмір бойғы ызденісіңіз сонда жатқанын байқап қалсаңыз,  бұдан асқан бақыт бар ма? ?

Енді өлеңге келейікші. Кеше түнде ғана осы шығармасын ғаламтордан жолдаған талантты- Көкбөрі Мүбарак бауырым:   «Мынаны көріп шығыңызшы,  жырта салайын дедім де сіз бір көріп шықсыншы деп лақтырып отырмын»  деді. Оқыдым,  көрдім- керемет!

Жиырмаға әлі іліне қоймаған бозбала ақын сонау орта мектеп оқып жүрген шағында да осал жазбайтын. Өмірде де ешкімге ұқсамайтын бауырымның үнемі ызденіс пен талғампаз Еңбектің ішінде өсіп келе жатқаны маған аян. Қаншама жырлар жазды,  бырақ бәз біреулерше өндіршектеп,  онысын көп ешкімге көрсетіп,  баспаға ала жүгірмейтін. «Әлі ойдағыдай емес,  бұдан да жақсысы жазылады »  дейтін де қоя салатын. Талай- талай жақсы дүниелер барлыққа келді,  әйтеуір солай. . . 

Бүгінгі жазғаны- әне сол жазбаларынан тағы да биіктеп кеткен. Ойды бейнелеу жағы болсын,  өмірді қабылдап,  оны қайталай жасампаздық сүзгіден өткізіп,  өнерге айналдырып әкелу жағында болсын,  байқампаздық пен рухты өлеңнің бойына сіңіру жағында болсын,  жаңа бір белеске көтеріліп,  өз соқпағымен өрлеп кеткен. Он тоғыздағы өрімдей жігіт жазды дейтіндей емес. Ойлы,  ауыр және жаңа- тіл де,  ой да,  бейнелеу де. . . 

Аяулы жердің көзінде құпия бір мұң бар,

Желеміктерім солай қарай терең жылжыңдар, 

Бауырына басып жатқанын ойлап сыйладым,

Індердегі анау жүрегі жұмсақ тұрғындар. 

Туған жер туралы қаншама жырлар жазылды. Осылардың есте қалғаны аз. Есте қалатындары- ешкімге ұқсамай,  өзі болып жазылғандары. Есте қалмайтындары- өңкей бір ұқсас жазбалардың бір шиырдың бойында кезіп,  оқырманның есте сақтау қасиетіне қиянат жасағандары. 

Мүбәрактің өлеңі де туған жер туралы,  бырақ оның бейнелеуі тағы да ешкімге ұқсамауында. Тақырыбы да әләбөтен өзгеше-  «Туған жердің басқа тұрғындары» . Ондағы бейнеленген құбылыстар мен жанды әрекет иесі де басқаша-  «Індегі жүрегі жұмсақ тұрғындар» ,  мүмікін суыр,  қарсақ,  түлкі т. Б немесе басқа шумақ,  басқа өлеңдеріндегідей құрт- құмырысқа,  ұсақ жәндіктер немесе шортандар мен арқарлар,  көкбөрілер мен аюлар. . . 

Бұларды да жай айта салмайды,  үлкен махаббатпен,  өзгеше көрегендікпен айтады. «Желеміктерім»  дейді,   «Жел»  дейді,   «Туған жердің ыстығын білу үшін індерге сүңгіп байқаңдаршы»  дейді. «Махаббат (туған жерге)  кімде ең ұлы екен? ?  адамда ма , табиғаттың басқа да тумаларында ма? ?  табиғатқа кім жақын,  адам ба,  адамдар қораш санайтын  «Туған жердің басқа тұрғындарында ма? ? »  ал,  ақын оны өзі әбден сезінеді,  жер бетінде желіп жүрген мың сан адамнан артық білетіндей (білмесе бұлар жаза алар ма? ? )  өзі де табиғаттың биік құбылысындай ақын 18мың ғаламды билеген баяғының сүлеймен пайғампарындай желді (қасиетті өлшеуіш)  жұмсайды. . . 

«Бауырына басып жатқанын ойлап сыйладым,

Індердегі анау жүрегі жұмсақ тұрғындар. »

Ақынның сағынған туған жерін бауырларына басып,  жүректерімен сүйіп жатыр  «Індердегі анау жүрегі жұмсақ тұрғындар» . Туған жермен бірге өркендеп,  туған жермен бірге құритын бұлардағы махаббат қандай асқақ!  жүрегі тас болып кеткен біздер басымызға күн туғанда сол қарақан басымызды ғана құшақтап,  соның ғана қамын жеп қайда болса сонда босып кете барар едік. Ал  «Туған жердің басқа тұрғындары»  туған өлкені емірене сүйген жүрекпен мәңгі осында қала берер еді. . . 

«Сұңқар түсінер туған жерімнің аспанын,

Қанатына көміп көбелектер билер жас талын. 

Жалама тастар – Тусамда сенде, 

Мен емес-

Туған жерімнің арқар сипайды тастарын. »

Жалама жартастар!  дейді. . . Табиғатпен адам,  адам мен аң- құс бетпе- бет келгенде біздің ылғи да жеңіліс тауып,  олардың алдында жер шұқып қалар беретініміз шындық қой. Жалама жартастар,  сенде туамыз,  бырақ сенде өскен адам баласы жоқ. Туған таудың саумал ауасымен семіріп,  тасына тұяғын жанып,  содан қуат пен молшылық ғұмыр тапқан  «Арқарлар»  сендер сипап,  аялаңдар ардақты мекеннің барша қасиетін!  ал,  біз мың жыл ғұмыр сүрсек те сендердің бір күндік тірліктеріңнің маңына бара алмаспыз. Үйткені,  өздерінше мәдениетке қадам қойған адам баласы арман- мұратын табанын басып тұрған,  кіндігі байланған жерден_ ұлы табиғаттан емес,  өз қолдарымен жаратқан жасанды дүниелеріне байлап қойды,  бұл жалған дүниеде мәңгілік ешнәрсенің жоқтығын біле тұрып,  мәңгілікке ұмтылды,  ақылдың шектеулі екенін сезе тұрып,  шексіздікке қол созды. Жетіскен сайын жаратылыстан,  өз болмысынан шалғайлап барады. Табиғаттай таза сенім мен аңқаулық,  ізгілік пен махаббат баяғысындай табиғаттың өз тумалары- аң мен құстың,  жан- жануарлардың жадында қала берді. Біз табиғаттан алыстасақ,  олар алғашқы жаралмысы қалпында ұлы жаратылысқа тәуелді қалпында тірлік кешіп жатыр. 

«Жалама тастар- тусамда сенде, 

Мен емес-

Туған жерімнің арқар сипайды тастарын» . 

Тосын әрі ұнасымды жыр жолдары. . . Және осылай айта алу үшін де,  осылай сезініп өмір сұру үшін де өзгеден бөлек Рухани бітім болмыс керек. 

«Өзен ақса да,  туладым ба онда мен деген ,

Шулатып түбін,  құйрығы қаққан елбелең-

Шортандарыма таңсық қой біздің дүние ,

Қарагерімнің тұяғынан өзге ол көрмеген. »

Осы біздер өзенмен бірге тулап көрдік пе кен деші,  тым болмаса бір аунап өткен толқынның құшағында тербеле алдық па осы? ? !  туған жердің төсінде өзен болып аға алдық па екен? ? !  өзенді қойып,  әрбір тамшысына дейін туған топырақ үшін қызмет ететін тырна көз бұлақ құрлы болмай,  сол туған топыраққа бергенді қойып,  қанша алғанын ғана есептеп,  оның байлығы мен берекетіне семіріп,  арам салмағымен шіреніп қаншама боқ қарын кердеңдеп жүр? ? !

«Шортандарыма таңсық қой біздің дүние ,

Қарагерімнің тұяғынан өзге ол көрмеген. »

Шортан- біздің Ертіс пен үліңгірдің патшалары,  су көсемдері олар. . . Оның бәрі де бір кездері ғой. . . Қазір түк те жоқ. Орта бүлінген,  екі ұлы өзеннен шабақ тауып алсаң,  тас- талқан болып қуанасың әзір. Әр тұсынан тоспа салынып буып- буып тастаған,  көңіл төріңде көлденең жатқан мәйт елестейді. . . 

Өлеңде қазақтың ұлыттық рухы жатыр,  табиғатпен ежелден етене болып келген бұрынғы қазақтардың болмысы жатыр. Біздің жұрт бұрын осы екі өзенді бір жылда екі- ақ рет кесіп өтеді екенбіз,  көктемде бір рет_ жайлауға көшіп бара жатып. Күзде бір рет_ жайлаудан қайтып келе жатып. . . Балық аулау деген қазақтың тарихында жоқ кәсіп. Сондығынан ғой,  ашаршылық жылдары өзеннің бойында отырып аштан қырылып қалған ауылдар да болыпты. Табиғатты көне қазақтардай қорғайтын халық әлемде аз шығар. Сондай халықтың өзенінде жасаған шортандар бақытты,  әрине,   «Қарагердің тұяғынан басқа көрмесе» . Ал,  осыны тек осындай сөзбен бейнелеу біздіңше құдырет!  

«Туған жеріме зұлмат күн кейде жетеді, 

Күн-түні зарлап жыландар да ауып кетеді. 

Үңілдім сонда аспанға салып суретін, 

Қаралтқым болып тырналар ғана өтеді» . 

Аумалы- төкпелі замандарда біздің ұлттың басынан не өтпеді,  бәрі өтті. Осының бәрінің куәсі тек туған жер ғана. Қасиетіңе бас баябан өлке,   «Зарлап ауған жыландар»  да кешегі  «Елім ай»  әні салып кетті ме екен деші!   «Қаралтқым»  бояу төгіп,  қасыретті жылдардың тізбегіндей тырналар қаншама рет өтті төбемізден. . . Зар заманның наубеті табиғаттың өзіндей болып кеткен айналайын бабаларымның басынан ғана өтпепті,  ел ауса,  елмен етене болып кеткен барлық жан- жануарлардың тағдырына да тауқымет түсіпті,  кезіндегі  «Ақтабан- шұбырынды»  жылдарда қазекеммен қоса бүкіл өлкенің аңы да қоса ауған. Қазақ жоғалған жерден қоңыр аң да қарасын көрсетпепті. 

«Бәріне елжіреп ,  бәрін де жұрт боп сыйладық,

Доңбекшіді неге ал ол жер бүгін қиналып,

Күзетіп жүріпті жетім қалған сол жерімді, 

Бөрілер ғана жиналып. . . »

Жүрегімізге барлығы сыйған халықпыз,  біз сыйламаған,  біз сидырмаған ешкім жоқ екен тарихта. «Сыйға сый,  сыраға бал»  деуші еді,  бырақ. . . Жердің ең соңғы иесі адам емес,  жаратылыстың өзі екен. Табиғатты табиғат қана аялап,  қорғап,  табиғат қана сүйе алады екен. Табиғатты табиғатқа тартып туған тап- таза жүрегі бар халық қана осылай мол махаббатпен сүйе біліп,  ізгі тілекпен өмір сүреді екен,  мол махаббатпен өмір сүретін ұрпақтар туғыза алады екен. 

«Күзетіп жүріпті жетім қалған сол жерімді,

Бөрілер ғана жиналып . . . »

Адам өзгереді,  ұлт та солай. Уақыт пен кеңістік өз бесігіне салып әлдилеген әрбір пенде не ұлыс жаратылыстың үкімінен аса алмай осы екі ұлы күштің итпегенде өз тағдырларының құлы болып кете бермек. Тек,  жаратылыстың өзі болып қалыптасқан,  адам сияқты айнымалы емес табиғаттың өз тумалары ғана (бөрі сияқтыларды айтамын)  өмірге қалай болып туса,  солай өледі немесе жаратылыс әлемін кірпік қақпай күзететіндер де,  әне,  солар. . . Аңдар да ауады,  бырақ олар соңғы демі үзілер сәтінде туған топырағына қайта оралады,  ал біз аңсаймыз,  алайда ол сана деңгейінде қала береді,  аңсарымызға жетіп өлетіндеріміз тым сирек. 

Өлең туралы айтарымыз бұнымен түгемес еді,  жақсы өлеңнің бойында тарих та,  тағылым да,  ұлттық таным мен этика да тағы тағы көптеген құндылықтар өзара қанаттаса өмір сұрып жатады. Оқырман қауым қабылдау қуатының дәрежесіне сай өзі танығанын алады. Біз де өзімізге тән сезіну,  түйсіну,  сосын жақсы жырдан алар рахатымыз бен басқа да сезімдік,  әқылдік танымдарымызды қабылдадық. Жай көзге көрініп тұрар қасиеттер көп өлеңдердің бойында болады. Ал,  ұлттың рухымен,  өткенімен және бүгінгі болмысының уақытқа еніп бара жатқан жоғалуға айналған ұлы қасиеттерін жыр жолдарының бойына жылқының майындай сіңіріп,  қайтадан өнер арқылы адам жүрегіне құю- нағыз талантты ақын тудырған алапат жырлардың үлесінде. 

Біз Ертеңімізге бей- жай қарамауымыз үшін бүгініміздің бас айағын қымтап ұстап,  айналамызға сергек көз тастап отыруға құлшынуымыз керек. Кім бар Ертеңге бізді аман- есен жеткізетіндерің қатарында. Әне,  сол назарымызда болсын. Әсіресе артымыздан Ерген іні- қарындастарымызға,  өспірім балаларымызға қарайлай жүрейікші,  солар ғой бұрынғыларды,  бізді және бабаларымыздан жеткен қан мен барлық бітім- болмысымызды келешекке әкетер. . . 

Мақаламыздың басында айтылған ойымызға оралсақ: 

Жаңалық тосын туылады дедік. Бырақ ол саусағын да қыбырлатпай,  ойын да қозғамай үнсіз жатқандардың еншісінде емес,  жаңалық үшін туылған талантты жандардың көз майын тауысып,  жүрек қанын сарқа отырып тынымсыз ізденген жанкешті еңбегінің натижесі. Ұзақ уақыттық қан мен тердің жемісі. Басында да айттық- тосын туылған жаңа дүниені өзіміз дұрыс қабылдай алмай қаламыз көбінде деп. . . Бір жаңа дүниені жазып оны былай тастап қойғасын,  осындан кейінгі жазбаларымыздың дені сол биіктікте,  сол деңгейде жазылар береді. Ой- өрісіміз осындай ойлау формасына біртіндеп дағдылана бастайды,  уақыт өте келе өз жаңалығымызды өзіміз шынайы сезінеміз. Көтерілген биігіміздің деңгейін шындап түсінеміз. Енген жаңа әлеміміздің қадыр- қымбатын бағамдай аламыз. Сосын,  өзімізге тән әлеміміз қалыптасады,  нағыз ақынға,  нағыз жазушыға айналамыз. Ал өз әлемі жоқтар- өз отаны жоқ бодан ұлт сияқты,  түбі құлданған ұлтқа сіңіп жоғалады,  бетін ары қылсын!

Өз ішкі жан сарайымыздан өніп шыққан жаңалық атаулыны өзіміз де бірден қабылдай алмаймыз дедік,  бұл жаңалық атаулының ескіден басқаша,  көне сарыннан бөлек,  біздің ой- дүниеміз бен талғамымыз үйіреніп қалған ескі көріністерден бөтен,  өзгеше болғандығынан. Ендеше кейде біреулерге ренжіп жатамыз  «Жаңалықты танымады. . . Жаңалыққа қарсы екен»  деп. Әуелі өз санамыз жатсынып барып қабылдаған өзгеше өнер туындысын былайғы өнердің қарабайыр шегіндегі,  төменгі деңгейіндегі түсініктермен өлшеп үйренген,  өнерді адам мен қоғамды,  жаратылысты танудың немесе солардың ішкі дүниесінде жатқан құпиялықтарды сезінудің Рухани шамшырағы деп емес,  Еріккеннің Ермегі,  қылжақбастардың қолжаулығы ретінде көретін жай тобыр тани алмай жатса,  өкпемізге не сәкін? !

Соңында талантты ақын ініме  «Жаңа сапар енді басталды,  келешек өлең сенікі»  дегім келеді. Тек,  жалғасты сұрапыл ізденістер мен тау қопарар Еңбектер керек!

 

 

 

 

   

Қатысты Мақалалар