Францияда қолына қару алған «Жанна Д’Арк» соғысуға дайын

/uploads/thumbnail/20170709184743404_small.jpg

«Комсомольская правдада» Дарья Асламованың «Мигранттарға төтеп беру үшін француздар қолға қару-жарақ алуда» деген материал пайда болды. «Қамшы» порталы шетелде орын алған жайттан ел іші хабардар болсын деген мақсатта аталмыш материалды қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынады.

Франциядағы Кале кішкентай қалашығының тұрғыны өзіне «Жанна Д’Арк» деген псевдоним алған. Екі баланың анасы, мұғалім француз әйелі қолындағы 1943 жылы Сталинградта шығарылған орыс снайперлік винтовкасын мақтан тұтады. «Жақсы атасыз ба? Мергенсіз бе?» деген журналистің сұрағына «Жанна Д’Арк» «Жаман емес. Бірақ күйеуім мен 13 жасар қызым нағыз мергендер» деп жауап қайтарады. «Жанна Д’Арктың» айтуынша Франция соңғы екі жыл бойы азаматтық соғыстың алдында тұр. «Біз, француздар, жаулап алушы-мұсылмандарға қарсымыз. Өз үйімді, елімді қорғау үшін адамға оқ жаудыру керек болса қолым қалт етпейді. Біз берілмейміз» деді ол.

Аударған: Жазира Байдалы

 

 

Қатысты Мақалалар