Назарбаев 16 жыл бұрын қолына мұнай жаққан баламен кездесті

/uploads/thumbnail/20170709184746889_small.jpg

Қашаған кен орнының ашылуында Елбасы залда отырған жас жігітке көзі түсті. 2000 жылы 7 жастағы Берік дәл сол Қашаған аймағында Елбасымен кездескен еді. Назарбаев сол баланың бетіне өз қолымен мұнай жаққанын есіне алды деп хабарлайды mgorod.kz

2013 жылы ол баламен "Болашақ" зауытының ашылуында екінші рет кездескен екен. Ол кезде Берік Ұлы Британиядағы Манчестерлік университетте білім алып жүрген.

Беріктің таңдаған мамандығы - мұнайшы, шет елде білім алып, жарты жылдан бері туған өлкесіндегі Қашаған кен орнының дамуы үшін өз мұнай өндірісінде еңбек етіп келеді. 

Бүгін, яғни, 7 желтоқсанды Елбасымыз Атыраудағы Қашаған елді мекенінде орналасқан кен орнын ресми түрде іске қосты.

 - Барша Қазақстандықтарды осы үлкен қуанышпен - Қашаған кен орнының іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын, - деп  Елбасымыз өз лебізін білдірді.

Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында атырау халқының қаншалықты өзгергендіктерін мәлімдеді.

 - Атыраулықтар қазіргі таңда мүлдем басқа адамдар, олардың арасында шет ел фирмаларында және күрделі өндіріс орындарында инженер болып қызмет атқарып жүрген мықты мамандар көп, өзге тілдерді өте жақсы меңгерген, сол себепті де дәл сондай адамдар еліміздің еңсесін көтеретін тұлғалар, - деді Нүрсұлтан Назарбаев. - Мен Атырау тұрғындарын тәуелсіздік мерекелерімен құттықтап, алдағы уақыттарда табыс тілейін деп арнайы осы қалаға табан тіредім.

2016 жылдың 1 қарашасында Қашағандағы мұнай өндірісі бір тәйлікте 75 баррель көрсеткішін құрады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткішті 180 мың баррельге көтеру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Осы жылдың аяғына дейін 1 млн. тонна мұнай мен 680 млн. текшеметр газ өндіру жоспарланып отыр. Ал келе жатқан 2017 жылда 8,9 млн. мұнай мен 5,6 млрд. текшеметр газ өндіру көзделді.

Қашаған кен орнының ашылуында Елбасымыз Атырау облысының 13 мұнай қызметкерлерін марапаттады. Сонан соң шетелдік NCOC компаниясының инвестірлік-акционерлік қоғамымен кездесу болды.

Аударған: Назерке Лабихан

 

Қатысты Мақалалар