Сергей Есенинге қастандық жасалған

/uploads/thumbnail/20170709184747677_small.jpg

spbdnevnik.ru сайтында «№89 істің  құпиясы: шын мәнісінде Сергей Есенин қалай қаза тапты» атты жазушы Николай Астафьев кітабының қысқаша мазмұны жарияланған.  Онда атақты орыс ақыны Сергей Есениннің қалай қаза болғаны, оған кімдердің қатысы бар және не үшін өлтірілгені жазылған. Осы ақпаратты Қамшы порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынып отыр.

Петербургтік жазушы Николай Астафьев Сергей Есениннің өліміне байланысты кітап жазып шығарды. Ол кітабында 20 жылға созылған зерттеу жұмыстарының негізінде ақынның өліміне байланысты көптеген ақпараттың бұрмаланғанын дәлелдеді. Себебі, адам өлтірілгені жайлы дәйекті жасырып қалғылары келген екен.  

Әлі күнге дейін энциклопедияларда Есенин «Англетер» қонақүйінде өз-өзін асып өлтірді деп жүр. Алайда, Петербург қаласында осы жылы жарық көрген Николай Астафьевтің «Англетердегі» қайғылы оқиға: қатысушы адамдар мен орындаушылар» атты кітабында Есениннің ісіне қатысты құжаттардың жалған екенін дәлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды: ұлы орыс ақыны өлтірілген.

Ол осы істі зерттеу үшін бәрін басынан бастаған.

- 1925 ж 7 желтоқсанда Ленинградтағы досы Вольф Эрлихке өзінің қалада екенін жеткізген деген жедалхаттарды зерттеуден бастадым. Айлап Орталық мұражайда сол жылдың жеделхаттарын зерттеумен отырдым. Одан шығатын қорытынды: Есениннің досы Эрлихке өзінің қалада екенін және оған тұратын жер тауып беруін өтінуі, - толық жалған құжат. Біріншіден, бланк сол уақыттың бланкіне сәйкес емес, екіншіден хатта жіберілген пошта бөлімінің нөмірі де, бланктің нөмірі де, көрсетілмеген.

Жүздеген жеделхаттарды зерттеп отырып мен Мәскеуден Ленинградқа дейінгі хаттың жету уақытын кем дегенде 2 сағат деп анықтадым. Жеделхаттағы сандарға сенетін болсақ хат Эрлихке Мәскеуден 15 сағат 2 минутта жіберілген. Ал, Ленинградқа хат 15 сағат 31 минутта келген. Рекордты жылдамдық. Мұндай болу мүмкін емес.

Бұл аздай хат Мәскеуден емес Ленинградтың басқа пошта бөлімінен жіберілген.  

Тіпті хат Есениннің қолымен жазылмаған. Жазуы басқа адамдікі екені анық көрініп тұр, - деп жазады жазушы.

Бұл жалған құжат болды ма? 

Есениннің бөлмесі ұзақ уақыт ішінен жабылып тұрды деген дәйек оның өз өзін өлтірді дегенге сайды. Бірақ, жазушы бұларға да түсініктеме берген.

Өлім алдындағы өлеңдерін қолын кесіп қанмен жазды деген ақпаратты да жазушы жоққа шығарған. Ол оны газетшілердің ойлап тапқан әңгімесі дейді.   

Шын мәнісінде оң қолын ақынның өлімінен кейін келесі күні, яғни, 28 желтоқсанда кескен. Мойнынан қатып қалған қолын жазу үшін.  

Есенин кенеттен өлген жоқ. Оны ашық түрде басшыларды сынап жазған өлеңдері үшін өлтіртті, - дейді жазушы.

Автор Андрей Соколов

Аударған Әйгерім ӘМІР

Қатысты Мақалалар