«Өнер мектебін ашу бала күнгі арманым болатын. Соған қол жеткіздім», - деді продюсер Ерболат Беделхан «Гәкку» арнасы. Бұл туралы juldyz.kz
хабарлауда.
Ерболат ашқан мектебіне заманауи стильде ән айтып , билеп үйренгісі келетін, рэп жанрын меңгергісі келетін жастарды жинауда. Бірақ, қатысушылар орын саны шектеулі. Мектепте оқу ақылы болғанымен, продюсер нағыз таланттарға тегін оқуға мүмкіндік бермек.
«Басында он жастан ала беремін деп ойладым. Алайда ауқымымыз кең емес, сондықтан көп адам қабылдай алмаймын. Сол себепті 13-14 жастан бастап қабылдайтын болдым. Кімде-кім өзінің өнерлі екенін көрсетіп дәлелдесе, сол кезде ол ақы төлемейді, керісінше мен оны қанатыма аламын», - деп мәлімдеді продюсер.
Айта кетсек, орталықтың ашылуы 2 желтоқсан күні болды. Бұл күні «Ninety one» тобы қызмет көрсетіп, дәмханада даяшының қызметін атқарды.