Ванга сәуегей Қырым жайында

/uploads/thumbnail/20170708153022261_small.jpg
009

Белгілі жазушы Сергей Лукьяненко өз кезегінде Ванга сәуегейдің  айтып кеткен әлем туралы болжамдарының Қырым жайындағы мына бір тұсына  назар аударған екен: « Қырым бір жағадан «жұлынып алып» келесі бір жағада өседі» деген. Шынымен, Қырым қалай жұлынып алынады?! Көзіміз бүгін жетті... Көзіміз анық жету үшін оның 543-544 ретімен жасалған болжамдарына көз жүгіртсек. Жоғарыдағы болжамды айтап келіп: « Жер асты таулары және  шетінен  қолдан соғылған таулардың бәрі сілкініп, осы себептен батыс құлдырап, шығыс көтеріледі. Стрелец (Мерген) келеді де 20 және 3 жыл тұрады. Ал, 20 және 3 жыл тұрғаны күлге айналады» -деп, адам санасына жете бермейтін сәуегейлік жасайды. Бірақ, саналы түрде қарап, осы болжамдарға жауап іздейтін болсақ онда: «Жер асты таулары және шетінен  қолдан соғылған таулар»- әрине бұл Донецк жері. Стрелец (Мерген) – Игорь Стрелков. Ол Донецк республикасының әрі Новороссияның тәуелсіз көшбасшысы. «20 және 3 жыл тұрады»- бұл келешектің болжамы, ал, «20 және 3 жыл тұрғаны күлге айналады» дегені – айқын. СССР тарап кеткелі 23 жыл! Сергей Лукьяненко 544 реттік санға назар аудармаған секілді. Оны өзі де осы тармақта бар. « Жар болады, күкірт болады, тұман болады, қоян болады және бәрі сейіліп желмен кетіп қалады...» Осы тұстағы әрбір атаудың астында кісі аттары айқын көрінген. Нақтырақ айту үшін түпнұсқаға назар аудару керек. «Будет клич, будет порох, будет тьма, будет кролик, но всё развеется и ветром унесено будет…» Расшифровка: клич — Кличко, порох – Порошенко (ещё в подростковом возрасте он заслужил прозвище Порох), кролик — прозвище Яценюка, тьма – Тимошенко.». Болгариялық апамыз қапы айтпаған секілді.  

«Қамшы» сілтейді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар