Сингапурде: 1- көшенің тап-тазалығы соншама, егер біреу көшеде сағыз шайнап жүргенін көрсе, 400 доллар айыппұл салады. Бізде сағыз шайнап жүргенімен қоймай, қоқыс салатын жәшікке де тастамайды. 2- Қоғамдық жердегі дәретханаға отырған соң, суды ағызбаған адамға 500 доллар айыппұл салады екен. 3- Егер айыппұлмен де түзелмей, тағы да үш рет қоқыс тастаса, заң бойынша мойынына "мен қоқыс тастағышпын" деген жазуды іліп жүріп, көшені тазалап жудырады және жергілікті телеарналардан көрсетіп, масқарасын шығарады. Таиландта: 1-Ұлттық ақшаны, тиынды басуға болмайтыны туралы заң шыққан. Өйткені ақшада патшаларының суреті басылған. Осындай жағдаймен сырттан келетін туристер көбірек заң бұзады екен. Сондай-ақ ақшаны шалбардың артқы қалтасына салу да заң бұзушылық болып саналады. 2-көліктің тізгініне жоғарғы жағыңызды жалаңаштап отырсаңыз да (жейде, футболка т.б. кимей) айыппұл төлеткізеді. 3-көшеде жалаңаштанып жүрген адамға да жаза бар. Италияда: 1-Эболи деген қаланың көшесінде немесе көліктің ішінде сүйіскендерге 500 евро айыппұл салады. 2- Тауардың түпнұсқасының көшірмесін жасаған адамға 10000 евроға дейін айыппұл салады. 3-Форте-деи-Марми курорт қаласында тынығу уақытында туристердің мазасын алмау үшін мото-шөпшапқышты қосқандарға да айыппұл салады. Ұлыбританияда: 1- велосипедпен адамдар жүретін тротуармен жүрген азаматтарға 100 евро айыппұл салады. 2- Көшеде тоқтап тұрған, автокөлігінің моторын 3 минуттан астам сөндірмей, оталдырып тұрған жүргізушілерге 120 евро айыппұл салады. Германияда: 1- Германияның автобандарында автокөліктерге тоқтауға болмайды, тіпті жанармайы бітіп қалса да. 100 евро айыппұл. Бұл - үлкен жолдарда кептеліс болдырмау үшін жасалған шара. 2- Германия және Данияда көшеде бетін жауып тұратын медициналық маска киюге болмайды. Тіпті тұмау эпидемиялық кауіпі төнсе де (терроризм қауіпін алдын алу үшін жасалған шара) Қытайда: 1. Денесінде 2-см асатын татуировка болса, әскерге алынбайды. Олар әскердегі тәртіпті бұзады деп қорқатын болуы керек. 2. суға батып бара жатқан адамның өмірін құтқаруға рұқсат етілмейді. Бұл біреудің тағдырына араласып, кедергі келтіру деп танылып, жауапқа тартады. (Бір шетінен адамды азайтудың бір амалы да шығар. Халықтың саны көп мемлекетте, адамның құны жоқ). Колумбияда:14 жастан асқан ер адамдардың қалтасында презерватив жүрмесе, айыппұл салдырып, жауапқа тартады. (жыныстық жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жасалған шара).
Жапонияда: 2009 жылдан бастап толық адамдарды заң бойынша жауапқа тартады. Бұл елде ер адамның белі 80 см -ден, әйелдердікі 90- смден аспауы керек. Данияда: автокөлігін оталдырмай тұрып, көлік жүргізушісі, көлігінің айналасын және астын қарап шығуға міндетті. (көліктің астында бала тығылып немесе ойнап отыруы мүмкін деген қауіптен қолға алынған шара) Швейцарияда: көпқабатты үйлерде түнгі сағат 10.00 кейін дәретхананың суын ағызуға болмайды. Ал егер дәретханаға барсаңыз, суын ағызуды таң атқанға дейін күтуге тура келеді. (көршілердің мазасын кетіріп, кедергі келтірмеу үшін жасалған шара) Тринидад пен Тобагода: камуфляж киюге заң рұқсат етпейді. (биліктің бейбіт халық пен әскери адамдарды ажыратуы үшін жасалған шара). Үндістанда Бихар штатында сиырды өлтіргендерге өлім жазасы кесіледі. Сауд Арабиясында: 1. Ер дәрігерлердің әйелдерді қарауына рұқсат етілмейді. 2. Әйел адамдарға дәрігерлік мамандық алуға заң қайшы.(түсініксіз, сонда әйелдерге ауыруға болмай ма?))) Канадада: Маңдайшалардағы барлық жазулар француз тілінде жазылуы керек. Егер фирманың иесі ағылшынша жазғысы келсе, ағылшын әріпі француз әріпінен екі есе кіші болуы тиіс. Басқа тілде жазуға заң қайшы. АҚШ -та әр штаттың өз заңы бар. Мысалы: 1-Джорджида 2010 жылы мынандай заң шығарған: көшеде киіп жүрген юбка немесе шалбардың белбеуінің өлшемі мықыннан 3 см төмен болса 25 доллар айыппұл төлеткізеді (кейбір қыздардың құлағына «алтын сырға»))). 2- Миннесотеде автокөлігіңіздің дөңгелегі таза болмаса, 2000 долларға дейін айыппұл салады. 3- Нью-Джерси штатының Форт-Ли қаласында ұялы телефоныңызбен көлікте ғана емес, жаяу жүргіншілерге де смс-пен хат жазысуға болмайды ($85 айыппұл). 4- Марикопа-Кауниде жанұяңызда 6 қыздан асса, бір шаңырақтың астында тұруға болмайды деген заңдары бар))). 5-. Пенсильванииде бір үйде 17 әйелден артық тұруға болмайды.Ал ер адамдар 120- ға дейін тұра беруіне заң рұқсат берген. 6- Блитте: кем дегенде екі сиырдан көп малыңыз болса ғана ,ковбойдың ботинкасын киюге құқығыңыз бар 7- Лос-Анджелесте бақаны сипалап, сүюге болмайтыны туралы заң шыққан. 8- Флоридада ғимараттар мен үйлердің сыртқы есіктері сыртқа қарай ашылуы керек. Ішке қарай ашылса, айыппұл төлейсіз. (Төтенше жағдай болса, ішіндегі адамдардың далаға шығуына оңай болу үшін жасалған шара). 9- Мариеттада автобус пен жеңіл көліктерден сыртқа түкіруге болмайды. Ал, жүк көліктерінің жүргізушілеріне рұқсат берген. 10- Индианада сарымсақ жегеннен кейін 4-сағат өтпеген болса театр, кино және трамвайға кіруге заң бойынша тыйым салған. 11- Индианада қазан мен наурыз айларында ванна қабылдауға болмайды. 12- Кентуккиде заң бойынша қанша арақ-шарап ішсе де, аяғынан тік тұрса мас деп саналмайды. 13- Кентуккиде әйелдерге суға түсетін киіммен (купальник) көшеде жүруге заң рұқсат етпейді. 14- Кресскилде әр адам мысығының мойынына үш кішкентай қоңырау тағып қоюы міндет. (Құстар мысықтың келе жатқанын байқау үшін және ұстап жеп қоймау үшін жасалған шара) 15- Нью-Йоркте дүкендерде немесе басқа жерлерде манекенді жалаңаш қоюға болмайды 16- Нью-Йорктің Кармеле қаласында ер адамдар пиджакқа сай келмейтін шалбар кисе айыппұл төлеткізеді. 17- Кливленде әйелдерге лакталған туфли киюге рұқсат етілмейді. (Іш киімдері шағылысып көрінбеуі үшін, заң тыйым салған) 18-Пенсильванияда үйіңізде немесе аулаңызда кілемді қағып, шаңын тазалауға болмайды. 19- Пенсильванияда қаланың сыртқы жағында көлікпен түнде жүретін барлық жүргізушілерге, әр мильдан кейін тоқтап, дауысы мен жарығы шығатын қаруды атып, 10 минут күткеннен соң ғана көлігімен жүруі міндет. (жолдың үстіндегі шаруа-малдары жолдан кетіп қалу үшін жасалған шара). 20- Вашингтонда байдың баласы сықпытты кейіп танытып жүру заңға қайшы. 21- Сиэтлде автобуста және пойызда ер адамның тізесіне көрпешесіз отырған әйел адамды 1-жылға дейін түрмеге қамайды. 22- Аризонада кактусты кескендерге 25 жылға дейін түрмеге бас бостандығынан айырылады. 23- Алабаманың Джаспер қаласында күйеуі қолының бас бармағынан жуан таяқпен әйелін түйгілеуге, нұқуына болмайды))) 26- Алабамада Монтгомери қаласында көшеде қолшатыр ұстауға болмайды екен. 27- Алабама штатының Мобил қаласында көлік жүргізушілерге әйел адамның жанынан өтіп бара жатып сигнал басуына болмайды. 28- Алабама штатының Мобил қаласында әйелдерге биік өкшесі бар аяқ киім киюге 29- әйелдердің көзінше түкіруге, 30- көшеде маска немесе мұрт жабыстырып жүруге рұқсат етілмейді. 31- Иллинойстың Гейлсбур қаласында тышқанды бейсболдың таяғымен ұрса, 1000 доллар айыппұл төлеткізеді 32- Калифорнияда моншаға баруға болмайды. (1980 жылы СПИДті жұқтырғандардың көбі қоғамдық моншадан жұқтырған соң тыйым салды.) 33- Род Айландтың Провиденс қаласында сатушы жексенбі күні бір адамға тіс жуатын паста мен щетканы 1-талдан артық сатуына болмайды. 34- Канзаста түнде жүретін жаяу жүргіншілердің бәрі жарықты шағылдыратын бар киім киюге міндетті. 35- Иллинойсте Юрика қаласында мұрты бар ер адамдарға әйелді сүюге заң бойынша рұқсат етілмейді.)))) 36- Айоведегі Оттумва қаласында егер таныс емес болса, ер адамдар әйел адамға көз қысуына заңды түрде болмайды. 37- Оксфордтегі Огайода әйелдер ер адамның портретінің алдында шешінуіне болмайды. 38- Мичиганда күйеуінің келісімінсіз әйелі шашын кестіруіне рұқсат етілмейді. 39. Сисайд қаласында үйдің айналасындағы қоршау ақ түспен боялуы және үйдің кіре берісі әдемі болуы міндетті. (туристтік қала болған соң, осындай заң шығарған. Бұл жерді "ертегі қаласы" деп те атайды.)
40). Гавайи штатында қоғамдық жерлер мен көшелерде жарнама плакаттарын ілуге заң қайшы.(Туристерге Гавайдың әдемі табиғатын көруге кедергі келтірмеу үшін жасалған шара).
(Ерлан Жаурынбаевтың фейсбуктегі парақашсынан)
Пікір қалдыру