Қайрат Нұртас «Құрмет» орденімен марапатталды

/uploads/thumbnail/20170709185432016_small.jpg

Елімізге белгілі әнші Қайрат Нұртас  «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанғаны жайлы Қамшы порталы жариялаған болатын. Сонымен қатар өнер қайраткері  «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жайында әнші өзінің желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрап, қуанышымен бөлісті.

«Ассалаймағалейкум, құрметті жамағат! Ең алдымен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Осындай марапатты алу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Елбасымызға және мені Қайрат еткен тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді.Біз қандай жетістікке жетсек де ол еліміздегі бейбіт заманның, Елбасымыздың xалқы үшін төккен терінің себебінен деп білемін. Міне өнерімізді xалыққа ұсыну үшін де барлық жағдай,үлкен мүмкіндіктер жасалған. Сондай нысандардың бірі Алматы аренада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ән кешімді бермекпін. Бізге осындай бақытты өмір мен толағай табыстар сыйлаған тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!»

 «Бүгін Бауыржан Қыдырғалиұлының қолынан Елбасымыздың жарлығымен берілген "ҚҰРМЕТ" орденін алу бұйырды! Еркелеп ән арнатқан еліме раxмет!»

Айта кететін болсақ, Құрмет ордені - Қазақстан Республикасының ордені. 1993 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген. Орденмен экономиканы, әлеум. саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

Сонымен «Құрмет» орденімен марапатталған қайраткерлердің қатарында Шахматшы Динара Сәдуақасова,  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі – Оңтүстіктің тумасы Ділдәбек Оразбаев,  Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Заида Елғондинова сынды зиялы қауым өкілдері бар.

Қамшыгер: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар