Мал азығы жайлы семинар өткізілді

/uploads/thumbnail/20170709185441385_small.jpg

 

Сайрам ауданында  «Гүлжамила» шаруа қожалығында  мал шаруашылығын дамыту бойынша көкейкесті мәселелер қозғалған семинар өткізілді.

Оңтүстiк-Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өткізген семинар өңірдің өзіндік ерекшелігін де назарға алып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.  Онда мамандар пайдалы мал азығы тақырыбында мәселе көтердi.

Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жарылқасын Күзембайұлы малды қоңдаудың түрлi тәсiлдерi бойынша ұзақ жыл ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқанын сөз етіп, бұл орайда бүгінгі заманға лайық жолдарын алға тартты. Нәтижесiнде байытылған жемдiк концентрат алған. Онымен азықтанған iрi қара малдың салмағы орта есеппен 1 тәулiкте  800 грамға артып отырған. Бұл бұған қоса ешқандай зияндығы жоқ дүние. Сүтiнiң орташа майлылығы 3,88, ақуызының орташа мөлшерi 3,24 пайызға жеткен. Сонымен қатар, қылшық жүндi қой тұқымдарының етке арналған саулықтарының тiрiлей салмағы тәулiгiне 100-113,3 грамға көбейген екен. Бұл әрине, бұрын соңды болмаған үлкен оқиға деп айтуға толық негіз бар.

         Семинар соңында мамандар отандық ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтарды мал шаруашылығына енгiзу жөнiнде шаруалармен пiкiр бөлiстi. Әрине, мұндай жаңалықтарды өндіріске біртіндеп енгізу орынды болатыны анық.

Жанар Әлімқұл 

Қатысты Мақалалар