Астаналық оқушылар мектеп қабырғасында-ақ дайын маман болып шығады деп хабарлайды qamshy.kz.
Елордалық мектептерге арнайы курс енгізбек. 10-11 сынып оқушыларын шаштараз, тігінші, даяшы, бармен, бала күтуші, хатшы-референт секілді мамандық бойынша оқытады. Толық курстан өткеннен кейін, арнайы сертификат табыс етіледі. Жұмыспен қамту орталықтары аты аталған маман иелері сұранысқа ие екенін айтады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін мемлекет басшысы, 2017 жылдан бастап жұмысшы мамандығы бойынша тегін кәсіптік-техникалық білім алуға болады деп мәлімдеген. Еліміздің бірқатар орта оқу орындарында кәсіптік-техникалық білім беріліп жатыр. Олар дуальды білім беру жүйесімен оқуда. Яғни, 30% теория, 70% тәжірбие. Студенттер алған білімін тәжірбиемен ұштастырады. Теориялық білімін еліміздің кәсіпорындарында іс жүзінде көреді.
Елімізде мектеп қабырғасынан мамандарды даярлау ісін қолға алғаны құптарлық іс. Себебі Қазақстан бойынша жоғарыда аталған сала иелері үлкен сұранысқа ие.
Әзірше тек Астана қаласында жүзеге аспақ. Жоба 24 мектепті қамтыйды.
Білім саласындағы жағымды жаңалықтардың тізімі мұнымен бітпек емес. 2017-2018 оқу жылынан бастап Астана қаласының мектептеріне «Робототехника» пәні енгізілмек. Жобаға дайындық жаз айынан бастау алған. Алғашқы уақытта аталмыш пәнді информатика пәнінің мұғалімдері оқытады. 158 информатика пәнінің оқытушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде арнайы курстан өтті.
Роботехника сыныбын жасау мақсатында керек жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарда бар.