Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері белгілі болды

/uploads/thumbnail/20250220124654982_big.webp

Мүфтият мәліметінше, пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Былтыр садақа мөлшері 640 теңге болған еді. 

2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

«Дегенмен жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек», деп хабарлады ҚМДБ.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар