Елорда әкімдігі "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен жасалған келісімшартты бұзып, тұрақтарды қала балансына өткізеді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, тұрақ мәселесі әкімдіктің Көлік басқармасының қатаң бақылауында болуы керек.
"Біз одан әрі дамуды көріп тұрған жоқпыз және қалада көлік құралдарының көбеюіне және кептелістердің пайда болуына байланысты мәселелерді шешу жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі деп санаймыз. Сондықтан дәл осы мәселе әкімдіктің көлік басқармасының қатаң бақылауында болуы тиіс деп есептейміз. Бұл көптеген қалаларда қалыпты тәжірибе, мұны жергілікті билік жасайды", - деп түсіндірді әкім.
Әкімнен тұрақтарды болашақта жеке компанияларға беру жоспары туралы сұралғанда, ол керісінше "қайтарылып" жатқанын айтты.
Пікір қалдыру