Қазақстандықтар ірі сауда үйіне "Байкот" жариялады

/uploads/thumbnail/20250406143353766_big.webp

Желі қолданушылары бойкотты компания қазақша сөйлеуді талап еткен курьерді жұмыстан шығарған соң жариялады.

Қазақстандағы Magnum сауда желісі қазақстандықтар әлеуметтік желіде жаппай бойкот жариялағаннан кейін курьерді жұмыстан шығаруға қатысты түсініктеме берді. 

Еске салайық, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Magnum сауда желісінен үйіне азық-түлікке тапсырыс беріп, оны әкелген курьердің өзінен өз үйінде қазақша сөйлеуді талап еткенін жазған еді. Курьердің қазақ тілінде "Атың кім?" деп қойған сұрағына ол орысша жауап берген. Бұған ашуланған курьер "Қазақша сөйле" деген. Осы оқиғаға байланысты желі қолданушысы Magnum сауда желісіне шағымданып, кейін компания курьерді жұмыстан шығарғанын хабарлаған еді. 

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, пікірлер екіге жарылды. Қазақша сөйлеуді талап еткен курьерді жақтаған топ желіде Magnum сауда желісінен қарсы бойкот жариялады. 

Осыған орай, компания Instagram желісінде оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, курьердің жұмыстан не үшін шығарылғанын түсіндірді. 

 

"Курьердің жұмыстан босатылу себебі – клиенттермен бір емес, екі емес, бірнеше дүркін дөрекі сөйлесіп, қызмет көрсету әдебін қайталап бұзуы. Біз оған өз қателігін түзетуге жеткілікті уақыт бердік – ескерту жасадық, сынақ мерзіміне ауыстырдық. Алайда, өкінішке қарай, сол уақыт ішінде де әдебі өзгермей, тағы да тұтынушымен араздасып қалды. Келеңсіз оқиғалар қайталанды. Артынан шағым түсіп жатты. Содан кейін, амал жоқ, еңбек шартын бұзуға тура келді. Курьердің жұмыстан кетуіне тіл емес, мінез-құлқы себеп болды – мұны нақты айтып өткіміз келеді", – делінген компанияның жазбасында. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар