Газдың шекті бағасы бекітілді

/uploads/thumbnail/20250523105131339_big.webp

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге еліміздің ішкі нарығында ірі коммерциялық тұтынушыларға және цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға арналған тауарлық газды көтерме сату шекті бағалары бекітілді. Көрсетілген бағалар қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда, мың текше метрге шаққанда есептелген.

Өңірлер бойынша газдың шекті көтерме бағасы келесідей:

  • Астана қаласы – 72 846 теңге

  • Алматы қаласы – 76 686 теңге

  • Шымкент қаласы – 71 122 теңге

  • Ақмола облысы – 72 846 теңге

  • Ақтөбе облысы – 54 933 теңге

  • Алматы облысы – 76 686 теңге

  • Атырау облысы – 41 993 теңге

  • Батыс Қазақстан облысы – 55 365 теңге

  • Жамбыл облысы – 70 639 теңге

  • Жетісу облысы – 76 686 теңге

  • Қарағанды облысы – 72 846 теңге

  • Қостанай облысы – 62 951 теңге

  • Қызылорда облысы – 59 179 теңге

  • Маңғыстау облысы – 57 649 теңге

  • Түркістан облысы – 71 122 теңге

  • Ұлытау облысы – 72 846 теңге

  • Шығыс Қазақстан облысы – 13 069 теңге

Аталған бұйрық 2025 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар