Атырауда бүгін таң атысымен екі қабатты 16 пәтерлік үйдің төбесі опырылып, шаңырағы ортасына түсті. Қар аралас жауған жауынның салдарынан болған тосын жай тұрғындардың зәре-құтын қашырған. Абырой болғанда адамдары дін аман. Алайда, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тозығы жетіп, шатыры құлаған пәтерде қалдық» деген тұрғындар биліктен қайыр болмай отырғанын айтады.
РОЗА ТАЙЛЫБАЕВА, Қала тұрғыны:
- Дауыс естілді бізге страшно. Қарасақ есік ашқызбайды бізге, шаң. Әрі беріден соң шығып қарасақ, мынадай история болып жатыр екен. Кетесіңдер деп бергеніне осындай болды. Биыл 9 жыл болды. Содан бері келе жатырмыз біз осылай. Үй жоқ, әлі. Айналамыздың бәрі кетті. Ортасында бір үй қалып отырмыз.
Тұрғындардың айтуынша, екі қабатты мына үй 1969 жылдары пайдалануға берілген. 46 жыл болған 16 пәтерлік үйді қазіргі таңда жүзден астам адам паналауда. Жылуы, көгілдір отыны мен ыстық суы жоқ баспананың бүгінгі сиқы адам шошырлық. Себебі, «2007 жылдан бері апатты деп танылған баспанамыз ақыры құлап тынды. Бірақ биліктегілерді әлі де алаңдатар емес» деп ашынады тұрғындар. Ал ақжағалылар болса, 16 пәтерлік үйдің тұрғындарына «2011 жылдан бері басқа пәтерге көшулеріне жағдай жасалғандығын, алайда тұрғындар бірауыздан қала ортасынан ғана пәтер талап етіп, ұсынылған баспанадан бас тартқандарын айтады. Айтуларынша қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорында бос тұрғын үй жоқ көрінеді.
ҚАЙРАТ КЕНЖЕӘЛИЕВ, Атырау қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімі басшысының орынбасары: