«Аузыңызды жабыңыз!» Трамптың Литва президентіне телефон арқылы айтқан соңғы сөзі

/uploads/thumbnail/20170709185657277_small.png

Трамп алғаш рет Балтық елдерінің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, арты дауға айналған деп хабарлайды micicipi.ru.

 CNN жазғандай, Трамптың әңгімесі «Аузыңызды жабыңыз» деген сөзбен аяқталған. Одан кейін  Трамп телефон тұтқасын қоя салған.

Телефон арқылы сөйлесуге ең бірінші Даля Грибаускайте ниет білдірді. Алайда екі ел көшбасшыларының әңгімесіне Латвия мен Эстония президенттерін қосу арқылы ол кешірілмес дипломатиялық әдепсіздікке жол берді.

«Трамп пен Грибаускайте сөйлесіп жатқан уақытта олардың әңгімесіне кенеттен Латвия мен Эстония президенттері араласқан. Бұл барлық ережеге қайшы. Дегенмен, Трамп әңгімені жалғастыра берген. Алайда барлығы бір уақытта Ресейдің агрессиясы туралы айта бастағанда «Ауыздарыңызды жабыңыздаршы, өтінемін. Қарапайым әдеп ережелерін сақтауларыңызды сұраймын. Келесі жолы мүмкін қолдарыңыздан келер» деп тұтқаны қоя салған.

 

Қатысты Мақалалар