Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтинг-тізімін жариялады деп хабарлайды www.kazinform.kz.
Кейбір өзгерістер Қазақстан өкілдерін де айналып өтпеді. Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы ТОП-100 рейтингінен шығып қалған. Орта салмақта айқасатын Александр Журавский бір орын төмен түсіп, тізімде 85-ші орынды иеленді. Қанат Ислам 72-ші орынды иеленіп, бірінші орта салмақтағы дәреже кестесінде 21-ші позицияға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев өз позицияларын сақтай отырып, сәйкесінше бесінші және 39-шы орында тұр.