Ресей дамушы мемлекеттер тізімінде тарихта алғаш рет Қытайды басып озды. Тізімді құрған Bank of America Merrill Lynch деп хабарлайды naryk.kz
Қуаттылығы жағынан екінші орындағы Қытай осылайша үшінші орынға түсіп қалды. Бірінші орында оңтүстік Корея болса, екінші орында Ресей.
«Қытай жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны бойынша үздік бестікте. Алайда мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздары бойынша өз позициясын аздап жоғғалтып алды», — дейді BofAML сарапшысы Девид Хаунер.
Кореяның көшбасшылық орнын сақтап қалуына себеп болған елдің қазіргі опеарциялары мен бюджеттік-салықтық саясаты. Дегенмен, дамушы елдер арасында олардың сыртқы қарызы ең көбі.
Ең дамушы он ел:
1. Оңтүстік Корея
2. Ресей
3. Қытай
4. Үндістан
5. Индонезия
6. Польша
7. Мексика
8. Бразилия
9. Түркия
10. Оңтүстік Африка Республикасы
Мұнай экспорттаушы елдердің көпшілгі биыл өздерінің көрсеткішін шикізат құнының қымбаттағанының арқасында жақсартып алды. Нақтырақ айтар болсақ, бұл елдерге сырттан келетін инвестиция қайта көбейген. Соның ішінде Қазақстанмен қатар Аргентина, Бразилия мен Нигерия бар.