Дүкен күзетшісі душқа арналған гель үшін адам өлтірді

/uploads/thumbnail/20170709185903700_small.jpg

Азовта дүкен күзетшісін қатаң режимдегі түрмеге жеті жылға соттады.

Оқиға 29 тамыз күні тал түсте орын алған, деп жазады «Комсомольская правда».

Сол күні сауда орнына жас жігіт кіріп, өзін күмәнді көрсете бастады, – дейді дүкен қызметшілері.

«Ол қатарларды аралап жүріп, тауарларға көз жүгіртті, бірақ ештеңе алған жоқ. Кейіннен тіс пастасының қатарына тұрып, қамтамаларын аша  бастады. Біз оны олай істеуге болмайтынын айтып, тоқтатуға тырыстық. Ол үндеместен қайта қойды да, гель мен шампуньдар жаққа қарай барды, ол жерде оларды алып, қалтасына сала бастады», – дейді дүкен қызметкері.

Зал әкімшілігі мен кассиршы қыз сол мезетте оған қарай жүгіріп, орнына қоюын талап еткен. Ол айқайлап, қарсылық білдірді. Ештеңе алмағанын айтып, бізді өтірікшілер қатарына қосты.

Айқайды естіп келген бұрын жекпе-жекпен айналысқан  26 жастағы Виктор Б. есімді күзетші қарсыласын сыртқа шығарды. Араларында төбелес басталды.

Бір мезетте күзетші пышағын шығарып, жас жігіттке сұғып алады. Күзетші не бүлдіргенін енді түсінгендей болып, қаша бастайды.

Ол Азовтағы туыстарында паналайды, бірақ көп кешіктірмей сол жақта тұтқындалады.

Іс жүргізілу барысында айыпталушы кінәсін мойындап, жесірінің алдында кешірім сұрады. Істегеніне және болған оқиғаға өкінетінін жеткізді.

Қатысты Мақалалар