«Беларусия әскерлерінің жеріне баса көктеп кірген кез келген жауға қарсы тұруға шамасы жеткілікті және бұл елге күш көрсету арқылы мәмілеге келу мүмкін емес, тіпті ядролық қаруы бар көршілес Ресей мемлекеті де мұндай әдісті қолдана алмайды», - деп хабарлады Беларусия елінің президенті Александр Лукашенко. Ол бұл сөздері Беларусия жеріне көз тігіп жүрген Путинге өзімен жеке сөйлесіп айтқысы келетінін де қоса кетті. Беларусия мен Ресей қарым-қатынасы жайында joinfo.ua порталы хабарлайды, мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Лукашенко Ресейдің Беларусияны соғыспен қорқытып, не қалайтындарына баса назар аударып отыр. Екі көршілес мемлекет арасындағы байланыстың ушығып, соғысқа жалғасу қауіпі арадағы қарым-қатынастың өзгеруіне себеп болады.
«Беларусияның шығыстағы көршісі Ресей елінің мұндай іс-әрекеттерінен қорғанғанымыз дұрыс. Путинмен келіссөздер жүргізіп, оның нақты көздегені не нәрсе екеніне көзімізді жеткізбейінше саясатта қандай болса, экономикада саласында да дәл сондай қарым-қатынаста болады. Сонда да мен не үшін Путин Беларусия еліне мұндай саясат қолданып отырғанын анықтағым келеді», - деп мәлімдеді Лукашенко.
Беларусия президенті жоғарыдағы сөздерінің тек бір сұрақтың анық-қанығын білу мақсатында айтылған сөздер деп хабарлады.
«Мен ешбір мемлекетке Беларусияға қарсы күш қолдануларына жол бермеймін. Беларусия соншалықты үлкен мемлекет емес және бізде ешқандай да ядролық қарулар жоқ, алайда, кез келген жауға қарсы соққы бере алатындай күшіміз бар. Біз өз жерімізді, еліміз бен тәуелсіздігімізді сақтаймыз, әрине, соғысқа ұмтылмаймыз, дегенмен, елімізге қауіп төнген жағдайда, қолымыздан келгеннің барлығын да жасаймыз», - деп айтты Лукашенко.
Алайда, ол Беларусия әдейі соғыс отын тұтандырып, жақыннан жау іздеп жатыр деп ойламауларын айтып ескертті.
Беларусия президенті Лукашенко жаңа нарықтық өндірісті енді Ресейден емес, Батыстан іздейтіндігін алдында болған кезекті жиналыстарының бірінде айтып өткен болатын.
Аударған: Назерке Лабихан