Кайсери қаласының орталығында орналасқан университеттің маңында болған жарылысқа қатысты Қамшы порталы жариялаған болатынбыз.
Түркия елінің Ішкі Істер Министрі Сүлейман Сойлу Кайсери қаласының орталық маңында болған жарылысқа қатысты жеті адам тұтқындалғандығын мәлімдеді. Бұл жайында ria.ru порталы хабарлайды, мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Бірнеше күн бұрын Туркия елінің әскери күшіне қарсы бағытталған жарылыс ұйымдастырылған болатын. Жарылғыш құрал орнатылған көлік демалысқа шыққан солдаттар мен ефрейторлар мінген автобустың жанына келіп жарылған. Нәтижесінде 13 солдат қаза тауып, 55-і ауыр жарақат алған.
Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырымның айтуынша, террорист өзін-өзі жарып жіберген. Вице-премьер министр Вейсель Кайнак бұл апат бір апта бұрын Ыстамбұлда болған жарылыстың жалғасы деп тапты.
Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан күні Ыстамбұлдың қаласының орталығында орналасқан футбол алаңында екі жойқын жарылыс орын алып, салдарынан 44 адам, оның ішінде 37 полиция қызметкері мерт болды. Биліктегілер бұл жарылысты ұйымдастырды деп елде жұмыс жасауға тыйым салынған Партиялық ұйым Күрдістанды кінәлаған болатын. Кейіннен апатқа қатысты бар жауапкершілікті «Күрдістан қырандарына» қарсы жасақталған арнайы топ өз мойындарына алды.
Аударған: Назерке Лабихан