Ресей мен Түркия Сирия үкіметімен арадағы келіссөздер жүргізудің жаңа алаңы ретінде Астананы ұсынбақшы деп хабарлайды naryk.kz
Бұл туралы бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен бірге өткен баспасөз конференциясында мәлімдеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Алдыңғы күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, қақтығысушы тараптарға мынадай ұсыныс жасаймыз деп келістік: біз өз тарапымыздан Сирияға, Түркия президентіне – қарулы оппозиция өкілдеріне – Қазақстан елордасы Астана қаласын бейбіт келіссөздер алаңы ретінде ұсынамыз», – деді ол.
Оның айтуынша, егер қақтығысушы тараптар осы ұсынысымызды қабыл алса, Ресей мен Түркия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан осы жүйені қабыл алуын өтінеді.
«Егер осы ойымыз жүзеге асса, бұл Женевадағы алаң сияқты болмайды. Алайда, женевалық келіссөздерді толықтырады», – деп атап өтті В.Путин.