Таразда Тәуелсіздік күні тосын жағдай орын алды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709185937722_small.jpg

2016 жылғы 16 желтоқсан күні шамамен сағат 17.30-да     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу кезінде Тараз қаласындағы «Достық» орталық алаңында 20 м/с жылдамдықпен соққан дүлей желдің нәтижесінде алаңда орнатылған қорғаныс шебі көтеріліп кетіп, алаңда тұрған адамдарға қарай ұшып кетті. Бұл туралы "Қамшы" порталы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алаңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары өздерінің табандылығымен  жедел әрекет етулерінің арқасында қорғаныс шебінің адамдардың үстіне қарай құламауын қамтамасыз етті, нәтижесінде алаңға жиылған халық оқыс оқиғадан аман қалды. Сол жерде Ұлттық ұлан сарбаздары қатардағы Аман Аженов, Юрий Бажин, Юрий Дылюк түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Табиғаттың оқыстан пайда болған ахуалы кезінде 5513 әскери бөлім сарбаздары өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында бейбіт тұрғындардың жарақат алулары мен жазымтай жағдайларына жол берген жоқ.

Жарақат алған сарбаздарға шұғыл алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, олар Тараз қаласындағы № 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.

Төтенше жағдай 16 желтоқсан күні орын алған. Зардап шеккен сарбаздарды Тараздың №1 ауруханасына жеткізді.

Олардың арасында 20 жастағы Дылюк Юрий мен 19 жастағы Аженов Аман бас сүйегінің ауыр және орташа дәрежедегі жарақатын алып, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Сондай-ақ, тізе буындары мен аяқ сирақтары зақымдалған 20 жастағы Бажен Юрий мен 18 жастағы Амангелді Диасқа амбулаторлық ем белгіленген.

Аталмыш оқиғаның видеосы Жансерік Тұрғынбектің Facebook парақшасына жарияланды.

Қатысты Мақалалар