Пәкістанда Индия киножұлдызы Дипики Падуконе өте танымал
Пәкістандық кинотеатрлар болливудтық фильмдерге қатысты тыйымды алып тастауға келісті. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі жазды. Аталған тыйым екі ел арасында туған қыркүйек айындағы шиеленістен кейін салынған болатын. Айта кетсек, шекаралас Кашмирде әскери жағдай орын алған еді.
Индия әскері сол кезде, Пәкістан жауынгерлерінің жоспарланған шабуылының алдын алу үшін хирургиялық соққы жасағанын мәлімдеген болатын. Олардың мәлімдеуінше Пәкістан әскерлері бақылау аймағында оқ атып, ереже бұзған. Ал, Пәкістан телевизиясы болса Индия жағынан арандатын оқ атылып, сәйкесінше жауап бергенін мәлімдеген болатын.
Осы жанжалдан кейін кейбір индиялық кинокомпаниялар пәкістандық актерлермен жұмыс істеуден бас тартқан болатын. Бұған жауап ретінде Пәкістан кинотеатрлары мен дистрибьюторлары индиялық киноларды прокаттан алып тастаған еді.
Айта кетсек, Пәкістанда алғаш рет 1965 жылы Индия киноларына тыйым салынған. Сол соғыс кезеңінен кейін тыйым толықтай тек 2008 жылы алынған.
Джамму мен Кашмир штаты халқының 70 пайызы мұсылман саналатын Индия штаттары болып табылады. Кашмир аймағында Пәкістан мен Индия арасында әлі күнге белгіленбеген даулы шекара бар.