Құбылыс ақын Жәркен Бөдешұлы өз өлеңі «Туған жерді» оқып берді

/uploads/thumbnail/20170709185939780_small.jpg

Бұған дейін "Қамшы" порталы жариялаған Тәуелсіздіктің 25 жылында жарық көрген 25 ақынның үздік кітаптары тізіміне кітабы кірген Жәркен Бөдешұлы өз өлеңі "Туған жерді" оқып берді. Айта кетсек, ақынның "Емендер түнде бүрлейді" кітабы ширек ғасырдың үздік кітаптары тізіміне енді.

Белгілі журналист Есболат Айдабосын әлеуметтік желіде видео жазбаны былай деп бөлісті:

"Қайбір жылы Жазушылар одағында Әуезxан Қодардың шығармашылық кеші өтті. Операторымды жетелеп бара қалдым. Ағаның өзінен сұxбат алдым. Сюжет үшін тағы бір адамнан сұxбат жазу керек. Айналама қарасам Жәркен аға кетіп барады екен, тоқтатып алып сөзге тарттым. Әуезxан Қодар жайлы сөйлеп берді. Сұxбаттасып болған соң раxметімді айтып кетіп бара жатсам артымнан жүгіріп келіпті. 
-Не болды аға?-десем.
-Аты-жөнімді жазып алмадың ғой дейді. Ойбай сізді танимыз, танымақ түгіл өлеңдеріңізді жатқа білем деп "Туған жерден" бір шумақ айтып беріп едім, балаша мәз болып кетті. "Мені танымайсың ба не" деп шіренетін түкке тұрмайтындардың талайын көрдік қой. Соның қасында неткен қарапайымдық десеңші.... Сол өлең мінекей, ақынның өзі оқиды."

Қатысты Мақалалар