Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке қашан шығатынын жариялады.
Twitter желісінде Головкин Ресми хабарлама екенін ескерте отырып, "Дэнни Джейкобспен 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасамын. Жекпе-жекті HBO (PPV) арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сол жақта көріскенше!", - деп жазды ағылшын тілінде.
Ал осыған дейін Головкинның бапкері Абель Санчес Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жектің келіссөздерінің 95 пайызға аяқталғанын мәлім еткен еді.
Айта кетсек, Головкин Twitter желісінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.