Шынар Жанысбекова «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

/uploads/thumbnail/20170709185955609_small.jpg

М.Әуезов атындағы драма театрының актрисасы Шынар Жанысбекова «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұл туралы өнер иесі өз парақшасында жазды.

Шынар Жанысбекованың есімі театр, кино, телеарналар арқылы көпшілікке кеңінен таныс. Әдебиет пен өнердің өресін білетін ата-ана тәрбиесін алған қыздың өнер жолын қаламауы да мүмкін емес еді. Шынар Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Рәбиға Қаныбаеваның сыныбына түседі. Оны әкемтеатрға (Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекет­тік академиялық драма театры) Қазақстанның Халық Қаһарманы, режиссер Әзербайжан Мәмбетовтің өзі қабылдайды. Шынардың қазақ өнері алыптарының көзіне түсуі де қызық. Соңғы партада елеусіз отыратын сту­денттің тапсырманы шынайы орын­даға­нына риза болған Рәбиға Мұқайқызы «Сенде сенгіштік, тазалық бар, қызым. Сенен та­ма­ша әртіс шығады», − деп бетінен сүйіп, батасын берсе, театр дәлізінде кездейсоқ көріп қалған қырағы режиссер жұмыс із­де­­ген жасқа бірден ән айтқызып, монолог оқытады. Қапылыста інісінен айырылып, көкірегі шерлі болып жүрген Шынар Ақтоқтының монологын жүрекке жеткізе орындап, 21 жасында Әкем театрдың әртісі атанады. Содан бері қаншама роль сомдап, көрермендерінің көңілін жаулады. Әсіресе, М.Әуезовтің «Абайындағы» Ажар, «Еңлік-Кебектегі» Еңлік, И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасындағы» Изольда жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Қатысты Мақалалар