Пәкістан әлемде теңдессіз күн электр станциясын салады

/uploads/thumbnail/20170709185957879_small.jpg

Екі апта бұрын, Индияда күн энергиясынан электр алатын әлем бойынша теңдессіз станция салынып жатқаны туралы хабарланған болатын.  Pakistan Today таратқан ақпаратқа сай, Пәкістанда одан да қуатты күн электр станциясы бой көтереді.  

Жаңа алпауыт күн энергия станциясы Холистан (Чолистан, Рохи) шөлінде бой көтереді. Бұл аумақ Бахавалпурдан 30 км қашықтықта орналасқан. Станция 16 шаршы шақырым аумақты алатын болады. Жоба ұлттық жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған.  

Климат істері жөніндегі министр Захид Хамидің айтуынша, Пәкістан планета атмосферасына зарар келтірмейді. Әлемдегі парникті газдың  1% үлесін ғана осы ел шығарады. Соған қарамастан Пәкістан климаттың өзгеруіне кері ықпал еткен елдердің бірі болып саналады. Сондықтан да олар тек Пәкістанның ғана емес жалпы планетаның экологиялық қауіпсіздігін ойлап отыр.

Айта кетсек, парникті газ эффектісі Жердің орташа температурасының, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, су тасқыны, құрғақшылық және басқа да табиғи катализатор кесірінен болып отыр.

Еске салсақ, электр энергиясын алудың бірнеше жолы бар. Олар Атом электр станциясы – ең қуаттысы һәм ең қауіптісі. Су электр станциясы, бұл үшін арқырап ағып жатқан арнасы мол өзендер керек. Экологиялық ресурсті қажет етеді. Көмір немесе газ сияқты отынды электр станциясы, экологияға зардабы мол. Жел мен күннен электр алатын станциялар ең қауіпсіз әрі шығынсыз болып табылады.

Қатысты Мақалалар