Британия украиндық әскерді дайындау бағдарламасын тағы бір жылға созды. Оны Ресейдің «арандатушы» әрекеттерімен түсіндірді деп хабарлайды bbc.com.
Елдің қоғаныс министрі Майкл Фэллон хабарлағандай британдық әскери нұсқаушылар Украинада 2018 жылға дейін қалатын болды.
«Британдық нұсқаушылармен украиндық әскерді дайындайтын бағдарламаны ұзартуымыз, біздің Украинаны қолдайтынымыздан хабар береді. Ресейдің басқыншылық әрекетінің алдында Украинаның тәуелсіз ел болып, шекаралық біртұтастығын сақтауын қалаймыз» деді Фэллон.
«ITV» арнасының мәліметінше, 2017 жылдың наурыз айында британдық нұсқаушылардың дайындығынан 5000 украиндық әскери қызметкер өтеді. Өткен жылдың наурыз айында британдық нұсқаушылар Украинаның шығысындағы ДХР мен ЛХР әскерімен соғысып жатқан украиндық әскерді дайындады.
Сол кезде Британияның премьер-министрі қызметін атқарған Дэвид Кэмерон, жауя әскерді, логистика, барлау мәліметтеріне сараптама және медициналық көмек көрсету бойынша оқытып жатқанын мәлімдеген.
Сол кезде Украинада 75 әскери нұсқаушылар жұмыс істейді деп көрсетілген еді. Британ үкіметі украиндық әскерге – дәрі қобдишасы, түнде барлайтын құрал және жатын қаптарын жеткізген.