Аяз болса да қалың киімін жаралы итке жапқан жігіт жұртты тебірентті

/uploads/thumbnail/20170709190014518_small.jpg

Түркияның Кония қаласында белгісіз автокөлік көшеде итті қағып, қашып кеткен. Қан ішінде дірдектеп жатқан иттің үстіне ауа аяз болып тұрғанына қарамастан бір жігіт сырт киімін шешіп үстіне жабады. Бұны көрген сол маңдағы адамдар қатты әсерленген.  Айта кетсек, соңғы күндері Түркияда ауа райы минус температурадан көтерілмей тұр. Аталған қалада сол күні қатты суық болған.

Оқиға жұма күні қаланың Селчүклі ауданында, Ихсание маһаллесінде болған. Адамдар дереу сол маңдағы әкімдікке хабар беріпті. Көмекке келген адамдар итті одеялға орап,   Кония Мевлана Табиғат пен хайуандарды қорғау қауымдастығына жеткізген. Хабарға қарағанда ем көрген соң иттің жағдайы жақсарған.  

Сырт киімін итке жапқан адамның кім екені белгісіз, дегенмен әлеуметтік желіде бөлісілген сол сәттің суреті жұрттың алқауына ие болды. 

Қатысты Мақалалар