ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ. ОРЫС ТІЛІНІҢ ОРНЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОРНЫҚТЫРУ КЕРЕК

/uploads/thumbnail/20170709190155179_small.jpg

Қазақ репатриациясы негізінен Өзбекстаннан (61%) келіп жатыр, қалғаны - Ресей, Монғолия және Қытайдан келеді. Егерде Қазақстан келгендерді қабылдап алса жақсы. Қазақстан құрымайды, әзірше қазақтың табиғи өсімі мен иммиграциялық өсімі жақсы. Айталық, 1999-2009 жылдары қазақтың Қазақстандағы өсімі 26,3% болған. Ал орыс, украин, белорус, неміс және татар саны азайып келеді. Бұл екі жолмен: табиғи өсім тым аз, ал табиғи өлім туғандар санынан асып тұр. Орыстектілер, неміс, татар Ата-мекендеріне - Ресей мен Германияға көшіп жатыр. Ал, Қытай қазақтары келгісі келмесе балаларын оқыта берсін. Оқыған қазақтар кейін келер, қытай фирмаларына кіріп олардың менеджменті, технологияларды игере берсін, олардың білігі мен білімі көшіп келсе кәделі қызметке жарап қалар.

Бүгін Қытай да, Ресей де қазаққа жау емес. Біз егемен мемлекетпіз.Енді қазаққа тең дәрежелі арақатынас қана керек. 21ғасырдың басында күшті мемлекеттер осал мемлекеттердің жеріне жармаса алмайды.Әскери жолмен жер жаулау мүмкін болмай қалады. Ресей Украина жерін тартып алып еді, енді жаулаған жердің дауы пайдасынан ұтылысы көбірек болып шықты.Бірақ «жұмсақ күш», демографияның пен «экономикалық қуаттың» маңызы өседі.Жұмсақ күш дегеніміз тіл, құндылықтар маңызы(басқаша айтсақ - ұлттық сана, тіл, дін , идеологиялық құндылықтар делік, идеология). Сондықтан Қазақстандағы 12млн қазаққа қазақ тілі керек. Қазақстанның қазақтарының төрттен бірі негізінен орыс тілді, олар орыстың «жұмсақ күші», санда бар санатта қазақ емес. Бүгінгі күні біз Ресей баспасөзін, театрын, киноматографиясын , теледидарын, солардың жарнамалары арқылы Ресей товар өндірушілерін қаржыландырып келеміз. Қазақ неғұрлым көп болса, олар қазақ тілді болса, біздің инфрақұрылым қазақ тілді болса ұлт жасайды, басқа жағдайда біз бәсекеде ұтыламыз. Сондықтан біз тілдік диверсификацияға баруымыз керек. Орыс тілінің орнына ағылшын тілін екінші тіл ретінде орнықтыру керек. Қытай оралмандарының қытай тілін Қазақстанда көбірек пайдалану керек. Сондықтан бізге «үштұғырлы» емес, екі тұғырлы – қазақ тілі - бас тіл, екінші тіл - ағылшын тілі болғаны жөн.

Қатысты Мақалалар