Астанада еліміздегі бас шыршаның шырағын жағу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Мерекелік шырша "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы мұз қалашығында орнатылды.
Жаңажылдық шыршаны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жақты.
Осылайша еліміздегі бас шыршаны жағуға арналған мерекелік бағдарламада қала қонақтары безендірілген шыршаны тамашалай алды.
Сондай-ақ, бүгін еліміздегі ең үлкен мұз қалашығының ашылу рәсімі өтті.
Қала басшысы Әсет Исекешев бұл іс-шараның дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын айта отырып, Facebook желісіндегі парақшасы арқылы қала қонақтары мен тұрғындарын бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне шақырды.
Айта кетер болсақ, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай елордада ЭКСПО көрмесінің аумағында бой көтерген жаңа монументтің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының əкімі Əсет Исекешевтің қазақшасына түсіне алмай, əкімге құттықтауды ресми тілде жалғастыр деген еді.