«Әлем аруы-2016» атағын Пуэрто-Рико өкілі алды

/uploads/thumbnail/20170709190159085_small.png

Биылғы жылдың «Әлем аруы» титулына Пуэрто-Рико өкілі ​Стефани Дель Валле лайық деп табылды. Бұл туралы байқаудың Twitter-дегі ресми есебінде жарияланды.

 

Айта кетер болсақ, Байқау АҚШ-та өтті.

Финалға Кения, Индонезия, Доминикан Республикасы мен Филиппин елдерінің арулары қатысқан.

Биылғы жылы сән индустриясының басты оқиғасы 18 желтоқсанда Вашингтонда (АҚШ) басталды. Қазақстан атынан бұл байқауда 18 жасар ақтаулық Әлия Мергембаева өнер көрсетті.  

1951 жылы ұйымдастырылған «Әлем аруы» байқауы сұлулық байқауларының арасында ең ежелден ұйымдастырылып келе жатқан шаралардың бірі саналады.

Қатысты Мақалалар