Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орташа ауыр салмақтағы (147 фунтқа дейінгі – 66,7 келі) үздік боксшылардың ТОП-15-не енді. Қазақстандық спортшы рейтингтің 12-орнына орналасты. Бұл туралы inform.kz порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еске салайық, жуырда ғана шаңырақ көтерген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қараша айының соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болып, елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты. Ол 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа аттанып, жаттығуларын бастамақ. Айта кетейік, Жанқош осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтады.