Кайноу (Kainoa) есімді 5 жасар ұлдың анасы Шанна Нихаус (Shanna Niehaus) осы суретті ғаламторға сала отырып жазғаны мыңдаған адамның жүрегін елжіретті дейді lovewhatmatters.com сайты.

«Дәл осы минутта не болып жатқанын көріп отырсыз ба? Кеше 5 жасар аутизммен ауыратын менің ұлым Торнадо есімді итпен танысты. Торнадо аутист балаларға көмектесуге үйретілген ит. Біз Жапонияда өмір сүретін америкалықтармыз. Торнадомен кездесуді екі жыл бойы зарыға күттік».
Мына фотода анасы баласына қарап отыр. Ол өз баласын мейірлене құшақтай алмайды, киіндіре алмайды, еркеле алмайды. Аутизмге шалдыққан бала өзіне дос таба алмай қиналған. Себебі балалармен бірге ойнай алмайды, күле алмайды. Қаншама дәрігерге апарып көрсе де алға жылжуды байқамаған анасы ұлының итпен достасқанына, онымен үнсіз тілдескеніне бақытты.
Шаннаның айтуы бойынша, осы минут ұзақ жылдарға созылған күреске татиды. «Мен қанша литр көз жасын төккенімді айтпай ақ қояйын. Ұлымның қиналғаны менің жанымды жабырқататын. Ал, бүгін қуаныштан жылап отырмын. Ұлымның енді сырлас досы бар. Енді бәрі жақсы болатынына сенімдімін»