АҚШ пен Қытай арасында соғыс өрті тұтануы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709190619091_small.jpg

АҚШ-тың әскери күші Қытайлықтардан әлде қайда мықты, алайда қытайдың жағалауларында болатын соғыс өте күрделі, қанды соғыс болады және де оны жеңу оңай бола қоймас деп хабарлайды aif.ru. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

ҚХР-ға Дональд Трамп қоңырау шалып Қытайдан АҚШ-қа экспортталатын тауар өнімдерін бірден 45%-ға көтеретінін мәлімдеген. Америкалық өндіріс кәсіпкерлері қытайлық зауыттармен  теңдесе алмайды деп сылтауратқан екен. АҚШ президенті жасаған бұл келісімге америкалықтар өз наразылықтарын білдіруде.

Желтоқсанның басында Трамп Қытай мойындамайтын Тайвань мемлекетінің басшысымен телефонмен сөйлескен екен. Осы уақытқа дейін бір Қытайдың ісін Вашингтон ресми түрде жүргізіп отыр: Тайвань мен АҚШ арасындағы дипломатиялық ара-қатынас 1979 жылдың өзінде-ақ тоқтатылған. Бұл саясаттан бас тарту арқылы Пекиннің ту сыртынан пышақ сұққандай болар еді. Тынық мұхитындағы флот адмиралының командирі Қытайға төтеп беруге  дайын екендігін мәлімдеді.  Алайда, бұл мәлімдеме қытайлықтарды қорқыта қоймады, олар, тіпті, АҚШ-тың су астына сүңгитін құралдарын басып алған. Сол себептен, Трамп Қытайды қарақшы деп сөккен болатын. Ал қытайлықтар «Дональд Трамп мемлекетті басқаруға қауқарсыз» деп жария етті.

«Екі ел арасындағы қарулы қақтығыстын қатты қорқудың қажеті жоқ, алайда АҚШ та, Қытай да ядролық держава болып табылады. Бірақ бұлар өздерінің әскери күштерін сынап көру мақсатында әскери ұшақтармен бір-біріне шабуыл жасауы әбден мүмкін», - деп мәлімдеді әскери ғылымның докторы Константин Сивков.

«АҚШ пен ҚХР  арасында экономикалық текетірестің де болуы мүмкін. Олар бір-біріне Кеңес Үкіметі мен АҚШ секілді қарсы тұрады деп ойлаймын», - деп айтты.

АҚШ пен Қытай арасындағы бұл келеңсіздікті Ресей өз пайдасына асырып, әлемдік деңгейде өзіндік позициясын күшейтіп алмақ.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар