Гүленнің Карловтың өліміне байланысы бар ма?

/uploads/thumbnail/20170709190617974_small.jpg

Анкарада болған елшінің өлімінен кейін Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы туралы саясаттанушы Алексей Малашенко өз ойын білдірді. Ол жөнінде БАҚ түрлі болжам жасап жатыр. Бірі Феттуллах Гүлен ұйымдастырды десе, енді бірі Путиннің ұстанып отырған саясаты Андрей Карловқа зиянын тигізді деп есептейді.

Карнеги Мәскеу орталығы ғылыми кеңесінің мүшесі Алексей Малашенконың ойынша Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы нығаяды. Себебі, Путин мен Ердоғанның да жауы ортақ екенін түсінді. Ол екі елді бір-бірінен алшақтату үшін осы әрекетке барды деп болжайды. Егер бұл болжамы расталса, Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасы «бір күндік» емес екенін барынша дәлелдеуге тырысады.

БАҚ-да елшінің өлімін ұйымдастырғандардың артында Феттуллах Гулен тұр деп болжап жатқандар көп. Әсіресе түріктің мемлекеттік БАҚ АҚШ-та тұратын түрік оппозиционері Феттуллах Гүленді әдейі ұйымдастырғанын жарыса жазып жатыр. Мәселен «Sabah» газетінде «Екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсара түскенде, оны көре алмайтындар лас ойындарын іске қосты» деп жазса, басқа мемлекеттік газет  үш ел арасындағы өте маңызды кездесудің алдында әдейі ұйымдастырылды деп хабарлайды. Алайда А.Малашенко Феттуллах Гүленнің қайраткерлігімен және еңбектерін ескере отырып, бұл өлімді ұйымдастырмағанына сенімді.

А.Малашенко былай дейді:  «Қазіргі күні байқап отырғанымызға сүйенсек, Ресей оқиғаның түріктік нұсқасын қабылдайтын сынды. Онда, мысалы, БАҚ-тар шабуыл жасаушыны қазірдің өзінде шілде айында орын алған төңкеріспен байланыстырып отыр. Жеке өз басым оның не туралы жазғанын және оның іс-қызметін білгендіктен, өлімге Фетхуллах Гюленнің әлдебір қатысы бар деген тұжырымға сенбеймін. Оған мұның еш қажеті жоқ, себебі, ол терроризмның  ымырасыз қарсыласы. Түріктер, әлбетте, өздеріне қолайлы келетін картаны ойнатары кәміл. Бәлкім, бірнеше нұсқа, соның ішінде Гюленге қатысты да, қарастырылуы мүмкін. Эрдоғанға бұл тиімді, бірақ, оған әлі басқалар да сенуі керек қой, өйткені, бұл Гюленнің әдісі емес. Менің ойымша, мұнда жалғыз адам, болмаса, әлдебір исламистік топ әрекет еткен. Біреуді нақты атап көрсету әлі ертерек, себебі, қанды оқиғаның әр түрлі нұсқалары бар». 

Феттуллах Гүленнің штабы оған тағылып жатқан айыптар туралы мәлімдеме жасады. Оппозициялық саясаткердің штабында, айыптаулар күлкілі екенін айтқан. «Ол тек қауіпсіздік шараларының нашар ұйымдастырылғанын ақтап алу үшін тағылған айып» деді саясаткердің көмекшісі Альпа Асландоган.

Ал америкалық «New York Daily News» Андрей Карловтың өлімін әділеттілік екенін және мақала авторы елшінің өліміне еш қайғырмайтынын жазған.  Оның ойынша Карлов лас саясатты ұстанған елдің бет-бейнесі болды. Оны бұған дейін өлтіріп кетпегеніне таң қалатынын да жазған. 

Андрей Карловтың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін Ресейдің арнайы қызметі Анкараға ұшып келген болатын. 

Қатысты Мақалалар