Түрік дипломаты қызы Гюнляр Шаввальдің Бакуде өз-өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат пайда болды. Шетелдік БАҚ дерегіне сенсек, 15 жасар бойжеткен терезеден секірген. Ол сол күні лицейдегі сабағынан босатылған екен.
Бір күн сабаққа бармағаны үшін (болжам) өзін өлімге қиған қыздың әкесі Гюнляр Арслан Әзірбайжандағы Түркия елшілігінде кеңесші болып қызмет атқарады екен.
Аталмыш оқиға бойынша қылмыс іс қозғалған.