Рахилям Машурова: Еден жуушы да адам ғой!

/uploads/thumbnail/20170709190650473_small.jpg

Кейде жұмыстан кеш қайтамын. Монтаж бөлмесіне жасы елуден асқан ана келіп еден жуады. Орнымнан тұрып, сол кісінің орнына шаң сүрткім келеді... Ол Ана ғой!!!

Естеріңізде болса, "Сырғалым-2" телехикаясында сүйікті актрисамыз, ұстаз Рахилям Машурова банкте еден жуушы болып жұмыс істейді. Сол кездері шәкірттерінің сырттай қынжылып жүргенін көрдім: "Біздің апайымызға қай-қайдағы бір рөлді беріпті"... Бірақ Рахилям апайдан "Дара жолда" сол рөл жайлы сұрағанымызда "еден жуушы да адам ғой!" деп адами болмысымен нық жауап берді. Рас қой!!!

Бір кездері жеке меншік мектепте жұмыс істедім. Еден жуатын екі келіншек бар еді. Кейде шала-пұла жуып кетсе, "түүүу, мен еден жусам бұрыш-бұрышты тап-таза қып жуар ем" деп ойлайтынмын іштей. Сол арманымды құдай "берді". Бір күні әлгі келіншектің біреуі дертті боп, директор бізді өз кабинетіне шақыртты (ол кезде сол жеке меншік мектептің мұғалімдерге арналған бөлмелерінде тұрамыз!). "Кешке жусаңыздар қосымша ақысын төлейміз".. Иә, бастапқыда қосымша ақшаға алданып жудық. Белім қайысып, бүйрегім ауыра бастады... Қасымдағы келіншектің екі баласы бар зіңгіттей, орындықтарды көтеріп көмектеседі. Ал мен болсам кішкентай Ермаханды ертіп жүріп жуамын. Одан сөз көмек болмаса, басқа не көмек дейсіз?! Жылтыратып жуамыз. Ертеңіне оқушыларға сабақ беремін. Қарындаштарын қалай болса солай аршып тастай береді. "Тазала, қоқысқа сал. Еден жуушы адам емес пе?" деймін әлгі балаға. Ол адам өзіммін ғой енді, бір айға ғана әлім жетті дегенмен...

Әңгіме әлгі елуден асқан Анадан туады ғой... Барлық еден жуушылар да әскерилер сияқты 40-45 жастарында зейнеткерлікке шықса ғой, шіркін. Бейнеттері өтелер еді... Еден жуушы Адам мен үшін - ең таза Адам!!!

Авторы: Ғалия Шаудырбаева

Қатысты Мақалалар