Домбыра мүсінді жүрегім (өлеңдер)

/uploads/thumbnail/20170709190648940_small.jpg

Нұраш Әйткенқызы


 

Әкешіме деген алақанымның хаты 

Әке , мұнда күн суық , үй де суық .
‎Өмір ғажап деп айтам кімге өтірік ? 

‎Мұз - қатқақ табанымнан қариды ептеп

‎Соңымда жүр топ уайым сүйретіліп .

 

Әке , біздің ауылға қар жауды ма ,

Жапырақтар жатырма өз бағында ? 

Шешем жиі күрсініп жүрген шығар

Бізден хабар жеткенше анда- мұнда .

 

Мұзтау үнсіз , басы қар , мәңгі мұнар-

Көміліп сонда жатқан аз мұңым бар

Тыңдайыншы- алпыс күз әңгімесін

Мысалы , шашыңдағы ақ қай жылғы қар ? 


Махаббаттар . . . қателік , сағынштар ,

Тауыңызда жатырма жамылып қар ? 

Қалай қарай , қай күзде ұшып кетті ,

Қанатында жазу бар сағым құстар ? 


Ал , биыл құс қайтқалы , күз келгелі

Мені өлең іздемеді . Үндемейді .
Қардың суын күтетін шығар мүмкін

Жастығымның аңсауық қыр -белеңі .

 

Иіні қанып жарықтық қара таудың ,

Жатады -ау өз биігі . . . өз отаны . . .
Күн суық . Әке -алыста . Қар ып -ыстық ,

Көңіл бейжай .
Күйіп тұр алақаным .

 

Сүю деп біл

‎Көке !

‎қиын шақтарда ,

‎мұңлы сәттерде

‎іздемейтінмді ,

‎Қараңғы тұсқа сүйремейтінмді ,

‎Күйреген дауал түбінде ұйықтап

‎күйремейтінмді ,

‎Назданып күлер ”қырық ханшаңды “
‎күндемейтінмді

‎Сүю деп біл .


Сөзімнің басы ,

‎көзімнің жасы

‎екендігіңді ,

‎Ең жақын әрі бөтендігіңді ,

‎Темірқазық пен тауыңды жалғап

‎Үйіңді айнала өтер мұңымды

‎айтпағанымды

‎ақтангерім -оу ,

Сүю деп біл .

 

Жараңды емдер ,

жаныңды тербер ,

Жұмбақ дыбысты

Аңсайтынңды ,

Шашыма қонған ақ түйір шаңды

Бәрінен бұрын байқайтыныңды ,

Сезетінмді ,

сенетінмді

Сүю деп біл , көке ! . . .


Домбыра мүсінді жүрегім

‎Күндерден өзге күндердің, шақтардан өзге шақтардың

‎Ойладым ба екен сонау-уда, сұйып қалам деп аспанын.
‎Жұлдызы ғажап сол тұнның, мұңлылау әсем толқынын

‎Домбыра тартып отырып, көзіңді қадап мақтадың.

 

‎Мақтадың ٴтұнның ыстығын, бұлттардың да ыстық екенін,

‎Көзімді қайда апарсам, қолыңды сонда көтердің.
‎Сағынып қабақ шытасың.
‎көп қарауға да аяисың,

‎Ұнаттым Нұрдан жаралған махаббатыңның мекенін.

 

‎Қолыма ٴисын себеді ٴмауылжып пысқан ақ жусан,

‎Алқоңыр» мен «Телқоңыр» - жүректе кезек жаңғырса,

‎Тамырға бойлар күйлердің тағдыры менде шығар-ақ,

‎Қос ішегіне жылынам, жұлдызды ٴтұның тоңдырса.

 

‎Домбыра-саусақ арасы, екеуіміздегі аралық,

‎Телегей мұңның тамшысы жұлдыздан ٴжиы тамады.
‎Құлақ күйі ٴбыр келмеген мына дүниенің азабын

‎Көзге ілмей тұрдық.
‎еңісте

‎бұлдырап жұрды.
‎аядық.

 

‎Күмбірлі күймен қымтадың, суық жел соққан іргемді,

‎Күй қосыпты ғой, ендеше, араны сол жыл кім ٴболды? 

‎Көзіңнің жалғыз тамшысын құлата көрме , нар көке

‎Өзіңе сыйлап отырмын, күндерден өзге күндерді. . .


Сырнайлы қосбасар


‎Мынау не, сары далама сағымы мол ,

‎Өрт тиген ну ормандай жалыны үдер .
‎Сырнайлы қосбасар бұл .
‎екі ішектің

Екі мың жылда қанбас зарығы дер .

 

‎Мынау не- сарбаздарма мың сан атты ,

‎Қалың қол лап қояма кіл жарақты ? !

‎Күре жүйкең жұқарған, ей, қара жер

‎Сыз түгіл , ұлы аспан да тынысынан

‎тоқтардай кіліт адасты .

 

‎Екі ішек тыңдай қалса бірін бірі ,

‎Алмасып екі әлемнің тынығуы .
‎Біреуі сағынштың дабысындай

‎Біреуі жан жылатар сұю үні .

 

‎Сырнайлы , беу , қосбасар , арманым -ай !

‎Лүпілдеп бұл дүниенің қалғанындай .
‎Кеудемді тырнап тұрар мәңгі бақи

‎Керемет кездесуден қалған мұңдай .

 

‎Қос ішек- жанарыңнан жалын атып ,

‎Мың ойды көгеніңнен жамыратшы . . .
‎Жүрегім жұрт тыңдамас әмірші ғой

‎Қосбасар , мен тоқтайын , өзің айтшы !


Аспалы жүректер

‎Қоштасып едің қолымның сыртынан сипап

‎Жарық жұлдызым секілді тұрдың алыстап .
‎Бір шумақ өлең көзімнен құс болып ұшып

‎Арасында ай мен тоғайдың жұрды қалықтап .

 

‎Кінәләй бердің бағың мен балашағыңды ,

‎Болмадым дедің тым асау қара тай ғұрлы .
‎Бұрылғаныңды көргем жоқ .
‎көз жасым тамып

‎Ізыңды сипап жылттым алақанымды


‎Шегірткелерде сен жайлы әңгіме қозғап ,

‎Ақыл айтады озың боп өмірден аздап .
‎Сыр толы тоғай сенікі , мына жолдармен

‎Жүрып келдің бе аңғалым , сүріне жаздап? ?

 

‎Тоғайдан емес , қаштың сен өз жүрегіңнен ,

‎Аяп тұрмын деп аямай келдің ғой , білем !

‎Терекке сүйеп арқаңды әңгіме айтқаның-

‎Жаңсақ қызығым шығар-ау кемді күн көрген .

 

‎Көңілде уайым , көкте бұлыт астасқанын -ай ,

‎Бағымды іздеп келмеп пе ем бастапта мұнда ? !

‎Қозықа- қоңыр мінезбен сұйып өтерсің,

‎Қолымның сипап сыртынан қоштасқаныңдай .

 

дайындаған: Бұлғын Сусар

 

Қатысты Мақалалар