Чехия Республикасының президенті Милош Земан ел халқына Жаңа жылда қауіп-қатерге толы өмір тілейді.
Бұл туралы 24.kz EuroZpravy.cz басылымына сілтеме жасап хабарлады. «Мен сіздерге не тілейтінімді білесіздер ме? Өмірлеріңіз қауіп-қатер мен шайқасқа толы болсын және сол шайқастардан тек ғана жеңіп шығыңыздар. Себебі арпалыс жоқ жерде жеңіс те жоқ. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деп тілек Земанның. Земанның айтуынша, оның зор денсаулық тілеуден іші пысады екен.