2016 ЖЫЛДА ЕСТЕ ҚАЛҒАН ДАУЛЫ СОТТАР МЕН ҚЫЛМЫСТАР

/uploads/thumbnail/20170709191318479_small.jpg

 

Журналистер одағын басқарған Матаев

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтардың үстінен жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. 2016 жылы 3 қазанда Астана қалалық Есіл ауданының 2№ соты С. Матаевты салық төлеуден жалтарды, алаяқтық жасады деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, С. Матаевтың ұлы «ҚазТАГ» Халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаевты «Алаяқтық» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырды

Салафизм қаупінен сигнал берген Күлікбаев

image

2 қарашада Алматыда жазда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаевқа қатысты үкім шығарылып, өлім жазасына кесілді. Оның бұндай жазаға кесілуіне 18 шілдеде Алматыда Ішкі істер басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне қарулы шабуыл жасауы себеп болды. Шабуыл салдарынан Алматыда қауіпсіздіктің «қызыл» деңгейі жарияланды. Ал, Күлекбаев шабуылынан 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері және 2 бейбіт тұрғын қаза тапты. Күлікбаев Челах отырған түрмеде жазасын өтейтін болды. Сот алдында жасаған қылмысына өкінбейтінін айтқан Күлікбаев әрекетін билік салафизммен түсіндірді. Күлекбаев тіпті полиция ғимаратындағы темір есік болмағанда құрбандар саны әлдеқайда көп болар еді деп жауап берді полицияға.

Алматыда 18 шілде күні қанды қырғын орын алып, Алматыда Террордың қызыл деңгейі жарияланды. Онда қанды қылмыс жасау үшін бар болғаны 24 минут уақыт жұмсалғаны айтылған болатын. Күлікбаев соты қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сотталушыларға жұмсалатын қаражат сомасын жария етті. Белгілі болғандай, әр сотталушыға мемлекеттік қазынадан жылына 800 мың теңге шамасында ақша бөлінеді.

Пышақталған Баян және 9 жылға сотталған Бақытбек

image

10 маусым сағат 12.05 шамасында Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түсті, оның бас сүйегінен жарақат алып, ішінен пышақталғанын анықтады. Оған жедел ота жасалды. Құлжа тас жолы бойында ерлі-зайыпты арасында жанжал болған. Оған дене жарақатын салған күйеуі Баянның кешіргеніне қарамастан 3 қарашада  9 жылға сотталды.  Баян Есентаева кейіннен күйеуі Бақытбекке денсаулық пен шыдамдылық тілеп, бәріне тек қызғанышты кінәлады.


Төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған Төлешов

image

7 қараша, Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сот Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды.  Сот бас айыпталушы Тоқтар Төлешовты кiнәлi деп тауып, мүлкін тәркілеумен 21 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді. Тоқтар Төлешовке «халықаралық қылмыстық қауымдастықтың белді өкілі ретінде қылмыс әлемінің беделді мүшелерін қаржыландырған» деген айып тағылған. 

Жер сатылмасын деген Талғат Аян һәм Макс Боқаев

28 қараша, Атыраудағы 2 сотта сот процестері аяқталған Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа сот үкімі оқылды. Судья Гүлнәр Дәулешова оларды «заңсыз митингтер ұйымдастырды», «жалған ақпараттар таратты», «ұлтараздық тудырды» деп айыптап, 5 жылға соттады.

Макс Боқаев пен Талғат Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Макс Боқаев пен Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде "араздық тудыру", "заңсыз митинг ұйымдастыру") бойынша айыптары тағылған. Азаматтық белсенділер бұл айыптардың ешқайсысымен келіспейді.

Жібек Мусинаны жабылып зорлаған жігіттер

image

28 қараша, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы аудандық сот 2016 жылы қарашаның 28-і күні Жібек Мусинованы "топпен зорлады" деген адамдарға қатысты үкім шығарды. Айып тағылған төрт адам да кінәлі деп танылып, ұзақ жылдарға сотталды: Асхат Бектұрсын – 10 жылға, Елтай Нұрбол – 9 жылға, Алмас Ермеков – 9 жарым жылға, Ербол Ермеков – 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот зорлау оқиғасы болған автокөлікті тәркілеуге үкім етті. Ал, оны зорлағандар сотта жыныстық қатынастың келісіммен болғанын айтты. Жібек Мусинованы зорлау үкімі қарашаның 15-і күні шығуы тиіс болған. Алайда сот-биологиялық және молекулалық-генетикалық сараптама қорытындылары сәйкеспеген. Осы Сотта шу шығарғаны үшін сотталғандардың жақтастарына айыппұл салынды. Кейіннен Есікте Жібек Мусинаны зорлағандарға қатысты сот шешімін қайта қарауды сұрап бір топ адам заңсыз митингіге шықты.

Ақтөбеде лаңкестік жасағандар

 

28 қараша, Ақтөбе облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 5 маусымында орын алған теракт бойынша айыптыларға үкім шығарылды. Сот 7 адамды өмір бойы бас бостандығынан айырып, оларды ерекше режимде жазасын өтеу туралы жазаға кесті. Айта кетсек, Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Ұзынағашта үш ағайындыны қастандықпен өлтіргендер

image

29 қараша, Мал сатумен айналысатын ағайынды үш азамат Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы мен Қадылбек Әлімханұлын өлтірді деген негізгі айыпталушы Талғат Сүлеймановқа сот өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын ерекше түзімдегі колонияда өтейтін болады. Ал, Т. Сүлеймановтың сыбайласы Мұрат Оңалбаев 25 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң түзімдегі колонияға жіберілетін болды. Қылмысқа байланысты марқұмдардың туыстары қылмыскерлерді әділ жазалап, оларды өлім жазасына кесуді сұраған еді. 

Қатысты Мақалалар